Кеше Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «ҚазМедиа орталығында» салтанатты іс-шара өтті. Онда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистер мен байланыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың бір тобын «Үздік байланысшы» және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапаттады.
Мерекеде ең алдымен Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның БАҚ өкілдеріне жолдаған құттықтау хаты оқылды. Онда: «Құрметті БАҚ өкілдері мен байланыс саласының қызметкерлері, Сіздерді бүгінгі кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміздегі ақпарат саласы жаңа белестерді бағындырып, жедел хабар таратуда үздік келеді. Қазіргі технологиясы дамыған заманда қоғамға білікті мамандар қажет. Кез келген жаңалықты дер уақытында халыққа жеткізіп, өз аудиториясына шынайы ақпарат беру әрбір БАҚ ұжымының міндеті. Осы орайда, мен сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін» – деген ізгі лебіздер бар.
Мұнан соң министр Дәурен Абаев қос саланың қызметкерлеріне шынайы құттықтауын жеткізді.
– Құрметті әріптестер, қымбатты достар, баршаңызды Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы айтқандай, ХХІ ғасырда ақпарат саласы оқиғаларды таратушы ғана емес, тұтас әлемде оның қалай өрістеп отырғанын айшықтайтын жетекші күшке айналды. Әлемде бұрын-соңды болмаған үрдістер жүзеге асып, байланыс пен ақпарат қоғамның бар саласына қалай ықпал етіп жатқанын көріп жүрсіздер. Осынау жаһандық тренд аясында Қазақстанның осы салалары қарқынды дамып келеді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үшін бүгінгідей қым-қуыт заманда өздеріңіз сияқты майталман мамандармен тығыз қарым-қатынаста бірге болу өте маңызды, – деді министр. Сонымен қатар, ол журналистиканың қазанында қайнап, байланыс саласының басы-қасында жүріп үздік атанған бір топ қызметкерді марапаттады. Оларға министрліктің төсбелгілері мен Құрмет грамотасы табысталды.
Мұнан кейін салтанатты шараға арнайы келген Парламент депутаттары да БАҚ өкілдерін құттықтап, ақ тілектерін жеткізді. Ал мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Кеше
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Кеше
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Кеше