қазақстандық телекөрермендерге бағытталып отыр
Цифрлық және жерсеріктік телевизиясының Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ ел халқына жаңа сапалы теледидар көрсетілімін ұсынады. Бұл жағдай жаңа қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сигнал сапасын анықтау бойынша тестілеу жұмыстары 2016 жылдың ақпан айында аяқталды.
«Otau TV» жерсеріктік телехабар тарату желісі абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіру жұмыстарын 2016 жылдың 15 наурызында бастады. Бұған дейін жерсеріктік «Otau TV» телехабар таралымы шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылып келген еді. Енді ол жұмысын 2016 жылы аяқтайды.
– Қазақстандық жерсерікті таңдай отырып, біз отандық экономиканың дамуына сеп боламыз. «Қазақстандық өнімді таңда!» немесе «Қазақстанда жасалған» – жай ғана патриоттық ұран емес. Әрбір қазақстандық өз болашағына, өскелең ұрпақтың келешегіне осылайша үлес қосады, – дейді «Қазтелерадио» АҚ өкілдері.
Қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналар көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ақылы арналар топтамасына қосылған пайдаланушылар HD арналарды тамашалай алады.
– Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен 1 миллионнан астам үй шаруашылығы «Otau TV» желісіне қосылған, ал бұл 4 миллионнан астам қазақстандық үшін телеарналар мен радиостансаларды тыңдайтын ақпарат көзі – «Оtau TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі деген сөз. Бір жерсеріктен екіншісіне көшу үдерісі пайдаланушыларымыз үшін барынша ауыртпалықсыз өтуі тиіс. Яғни, «KazSat-3» жерсерігінен хабар таратудың техникалық талаптарына сәйкес, абоненттерге қондырғыны қайта теңдестіруге уақыт жеткілікті болуы керек. Осыған байланысты біздің абоненттерді жерсерікке көшіру кезеңі 2016 жылдың наурызы мен қыркүйек айы аралығында деп белгіленген. Өтпелі кезеңде хабар тарату екі жерсеріктен де жүзеге асырылады. Бұл уақытша шара көшу кезінде тұтынушыларымыздың қазақстандық телевизиядан қағылып қалмауы үшін қолданылып отыр, – дейді «Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бақтияр Өшірбаев.
«KazSat» ұлттық жүйесі қазақстандық байланыс операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған. Сондай-ақ, ол еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтып, мемлекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етеді.
– «KazSat-3» жерсерігінде жиіліктің Ku-диапазонындағы 28 транспондер орнатылған, олар Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз етеді. «Оtau TV» қондырғысын күйге келтірген кезде 58,5 градусқа жаңа геостационарлық позиция тіркелуі керек. «KazSat-3» ғарыш аппаратына барынша нақты теңдестіруге арқылы сигналдың ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізу керек. Сонда ғана «Оtau TV» желісін сапалы, үзіліссіз қолдануға мүмкіндік болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, қондырғыны теңдестіру кезінде әрбір аймақ үшін антеннаның көлемі, МШУ әмбебаптығы секілді факторларды қаперде ұстаған жөн. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін біз үйрететін материалдар дайындап қойдық. Оларды компания сайттары мен ғаламтор желісінен табуға болады. Сонымен қатар, абоненттер қондырғыны кәсіби түрде қайта теңдестіру үшін дилерлерге хабарласа алады, – деді «Қазтелерадио» АҚ Бас техникалық директоры Айдын Бәжекеев.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10