29 Маусым, 2016

Көкшетауда күйеуін өлтірген әйел 15 жылға сотталды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-06-16-sud

Көкшетауда өзінің күйеуін өлтірді деп айыпталған әйел сот жүзінде ұзақ мерзімге жаза алды. Қылмыстық істі арнайы мамандандырылған сот қарады. Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, Көкшетау қаласында тұратын 41 жастағы әйел «ауру болуына байланысты қарсылық көрсете алмаған күйеуін өзара қарым-қатынастары  нашар болуы себепті тұншықтырып өлтірген». Алқабилер соты әйелді Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-тармағының 3-бөлігі бойынша (қауқарсыз жағдайда жатқан өлтіргені үшін айыпты деп табу) айыпты деп тапқан. «Сотталушыға жалпы режімдегі еңбек түзету колониясында 15 жыл отыру жазасы белгіленді», - делінген сот актісінде. Сот үкім шығарарда сотталушыға жеке тұлға ретінде берілген жақсы бағаны, айыбын айтып өзі келгенін және оның мұндай қадамға зардап шегушінің моральға жат қылығы үшін барғанын ескерген. Бақберген АМАЛБЕК.