Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы – бұл еліміздің, бірінші кезекте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы еңбегінің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуының жарқын көрінісі. Бұл туралы дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстанның Азия-Тынық мұхит мемлекеттер тобынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына қатысты Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.
Н.Нығматулин Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздану мен өркениетаралық үнқатысу, сондай-ақ, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан орасан зор үлесі еліміздің халықаралық аренадағы кезекті жеңісін қамтамасыз еткенін атап көрсетті.
Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанның әлем таныған Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздіктің 25 жылында қол жеткізген тамаша жеңістіктеріне тәнті болуда. Қазіргі таңда еліміз орнықты нарықтық экономиканы дамытып, әділетті әлеуметтік саясат жүргізіп отыр және демократиялық саяси жүйе қалыптастырған, деп атап өтті Парламент Мәжілісінің Төрағасы.
Қазақстанның кандидатурасын дауыс беруге қатысқан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 138-і қолдады. Сөйтіп, Қазақстан жарғысы бойынша жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өкілеттілік сеніп тапсырылатын БҰҰ-ның аса маңызды саяси органы құрамына сайланған Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет атанды.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бес тұрақты емес мүшені сайлау БҰҰ Бас Ассамблеясында жүзеге асты. Қазақстан осы ұйымның 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болды.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше