01 Шілде, 2016

Мәртебе

320 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
image-2-1Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл туралы 2016  жылғы 28 маусымда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс берудің нәтижесінде мәлім болды. Дауыс беруге қатысқандардың арасынан 138 мемлекет Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Қазақстандық өтінімнің жалғыз бәсекелесі – Таиланд Корольдігі үшін 50-ден астам мемлекет дауыс берді. «Бүкіл Қазақстан үшін бұл тарихи күн, өйткені, біздің еліміз БҰҰ Жарғысы бойынша ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға өкілеттенген ең маңызды саяси органның құрамына тарихта бірінші болып сайланған Орталық Азияның мемлекеті болды. Бүгінгі нәтиже – халықаралық деңгейдегі Қазақстанның және біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасының биік беделінің, оның ғаламдық және өңірлік мәселелерді реттеуге, ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерін ілгерілетуге қосқан бірегей үлесінің жарқын куәлігі», – деп мәлімдеді осыған орай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлану сондай-ақ, біздің мемлекетіміздің бейбітсүйгіш дәйекті сыртқы және ішкі саясатының халықаралық қауымдастықта жоғары құрметтелетінін дәлелдеді.

Әлем алдында абыройы асқақтаған Қазақстан

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын дәуірлік оқиға – еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтайды. Бұл тарихи оқиға Мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күніне айналды. Шын мәнінде, Отаны­мыздағы түсіністіктің нәтижесінде өзара сенім мен қолдау және тыныштық пен үйлесім бүкіл халықаралық қоғамдастыққа үлгі-өнеге ретінде таратылуда. Біз еліміздің БҰҰ-ның аса маңызды құрылы­мына мүше болуын аса мақтанышпен атап өтеміз. Қазақстан мұндай дәрежеге Орталық Азия мемлекет­терінің ішінен тұңғыш болып қол жеткізіп отыр. Өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақстан тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен назар аударып келеді. Қазақстанның бұл жеңіске өз тәуелсіздігінің мерейтойлы жылында қол жеткізуінің нышандық мәні бар. Бұл жеңіс Қазақстанның әлемдегі аса дамыған мемлекеттердің 30-дығына кіруге жаңа қадам болатыны күмәнсіз. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы  * * * Түріктің «Ахыска» этномәдени бірлестігі ел Президенті Н.Ә.Назар­баев­ты және барша қазақстандықтарды тарихи оқиғамен құттықтайды. Біз Қазақстанның Орталық Азия елдерінің ішінен тұңғыш болып осы маңызды мәртебеге қол жеткізгенін – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланғанын мақтан тұтамыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлану халықаралық қоғамдастықтың біздің мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп келе жатқан бейбітсүйгіш саясатын үлкен құрметпен қабыл­дай­тынын кезекті мәртебе қуаттап беріп отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысуы Қазақстанды жаһандық даму мәселелерін талқылау мен шешуде аса жоғары деңгейге алып шығатыны сөзсіз. Біз Қазақстан халқы өзінің Көшбасшысымен бірге осы жоғары сенім үдесінен лайықты шыға­ты­нына және алдағы кезеңде де бейбітшілік пен келі­сімді нығайтуға бағытталған салмақты, бейбітсүй­гіш саясат ұстануды жалғастыратынына сенімдіміз. «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі  * * * Өз тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында біздің еліміз тағы бір тарихи маңызы жоғары биік халықаралық деңгейдегі жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Бұл табысқа бірінші кезекте Президентіміз Н.Ә.Назар­баевтың халықаралық жоғары беделі, елі­міз­дің дәйекті де бейбітсүйгіш сыртқы саясаты, Ота­ны­­мыздағы бірлік пен тұрақтылық негіз қалап отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі – Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның тұрақты жұмыс істейтін органы. Оған БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша бас­ты жауапкершілік жүктеледі. Біз, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіне өтуін мақтан тұта­­мыз және Мемлекет басшысы жүргізіп келе жат­қан ішкі-сыртқы саясатқа түбегейлі қолдау көр­се­тетінімізді білдіреміз. Ал Қазақстан БҰҰ Қауіп­­сіздік Кеңесінің құрамында халықаралық бей­біт­шілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көптеген проблемалардың оң шешімін табуына өзінің сүбелі үлесін қосатынына сенімдіміз. Қазақстанның «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының қауымдастығы  * * * Беларусь этномәдени бірлестігі ел Президенті мен Қазақстан халқын тарихи жеңісімен құттық­тайды! Қазақстан Орталық Азия өңірінен БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінде өкілеттік ету құқын жеңіп алу жолындағы адал да бәсекелі күресте өзінің осы орынға лайықты екенін айқын көрсетті. Бұл Президентіміздің – Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың жоғары халықаралық беделінің арқасында мүмкін болды. Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы Отанымыздың бейбітсүйгіш және конструктивті сыртқы және ішкі саясатын халықаралық тұрғыдан танудың айғағы болды. Баршаны жеңіспен құттықтаймыз! Алға, Қазақстан!!! «Беларусь этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі * * * Қазақстанның корейлер қауымдастығы қазақстандықтар мен Мемлекет басшысын Отаны­мыздың Біріккен Ұлттар Ұйымының аса маңызды органы – Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануымен құттықтайды. Бұл Елбасы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың еңбегі! Бұл тарихи оқиға Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Орталық Азияның тарихында жаңа бет ашып отыр. Өйткені, Қазақстан енді өзінің ғана емес, өңірдің де мүдделерін аса жоғары халықаралық деңгейде қорғайтын болады. Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қатысуы нақты бастамалармен айшықталатынына және еліміздің қазіргі заманғы жаһандық сын-қатер­лерді шешуде сүбелі үлес қосатынына сенімдіміз. Қазақстан корейлерінің қауымдастығы  * * * Қазақстан украиндарының радасы ел Прези­денті мен Қазақстан халқын тамаша жеңісі­мен құттықтайды! Біздің еліміз бейбітсүйгіш саясат ұстанып отырғандықтан да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне тұрақты емес мүшелікке сайланды. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойлы белесінде бұл жеңіс заңды көрінеді. Бұл Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп келе жатқан дана саясаттың салтанаты мен халық­аралық танылуының көрсеткіші болып табылады. Бұл – Отанымыздың жоғары халықаралық беделі мойындалуының және оның жаһандық қауіпсіз­дікті ілгерілету мен халықаралық қатынас­тардағы сенім шараларын нығайтуға қосып келе жатқан үлесінің жарқын көрінісі. Мұның ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» деп аталатын манифесіндегі жаһандық бастамаларын практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға қызмет ететініне сенімдіміз. Өйт­кені, Елбасының көздегені – бүкіл планетадағы тұрақ­ты­лық пен бейбітшілік. Демек, аталған мани­фестің бүкіл адамзаттың игілігіне қызмет ететіні күмәнсіз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында ілгерілеткен антитеррорлық бастамалары мен Қазақстанның басқа да бейбіт бастамаларына, оның ішінде су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаһандық мәселелерін шешуде жаңа серпін қосатын болады. Біз барша қазақстандықтарды ортақ жеңісіміз­бен құттықтаймыз! Қазақстан украиндарының радасы * * * Біз ел Президенті Н.Ә.Назарбаев пен барша Қазақстан халқын Отанымыздың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз. Аталған шешім біздің Мемлекетіміз басшысы­ның қауіпсіздік пен ядросыз әлем құру жолындағы дәйекті бастамаларына жаһандық қоғамдастық тарапынан берілген жоғары баға болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысуы Қазақ­станды жаһандық даму мәселелерін талқылау мен шешу­де аса жоғары деңгейге шығаратын болады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы барысында Қазақстан ХХІ ғасырда адамзат­қа қатысты әлемдік сын-қатерлерді жоюға өзі­нің сүбелі үлесін қосуын жалғастыратынына сенімдіміз. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы  * * * Біріккен Ұлттар Ұйымы – ХХІ ғасырдағы адам­зат­тың саяси тарихын байсалды, салиқалы жолда дамуына ықпал етуші аса жоғарғы әлемдік ұйым. Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтуі – еліміз­дің халықаралық аренада көптеген күрмеулі мәселелерді шешудегі модераторлық деңгейінің және дипломатиялық жетістіктерінің аса жоғары екендігінің айқын дәлелі. Ең алдымен бұл Елбасы ретіндегі Сіздің ерен еңбегіңіздің, халықаралық саяси аренадағы аса жоғары мәртебеңіздің нәтижесі деп білеміз! Сіздің маңызды халықаралық саммиттерде сындарлы баяндамалар жасауыңыз, әсіресе, 2015 жылғы жаһандық антиядролық саммиттегі бастамаларыңыз Қазақстан позициясының басым­дығына әкелгені сөзсіз! БҰҰ ҚК-ге мүшелік елімізге жаһандық «күн тәртібін» қалыптастыруға тікелей атсалысуға мүм­кін­дік беріп қана қоймай, Орталық Азия айма­ғы­ның күрмеулі мәселелерін шешуге жол ашары анық. Бүгінгі Қазақ елінің осы бір жетістіктерге қол жеткізу тұсында «Ауыл» партиясы атынан Сізді және барша қазақстандықтарды сындарлы тарихи оқиғамен құттықтаймыз! Еңбегіңізге табыс тілейміз! «Ауыл» партиясы * * * «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан халқын және ел Президенті Н.Ә.Назарбаевты дәріпті оқиғамен – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сай­лануымен құттықтайды. Бұл – жас мемлекеттің тарихи табысы, Қазақстан мен оның Көшбасшысының біздің Тәуел­сіз­дігіміздің арай таңында Семей ядролық полиго­нын жабу және ядролық қарудан бас тарту бастау көзі болған халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін әлемдік тұрғыдан мойындау. Лаңкестіктің күрт асқынуының, даиш (Қазақ­станда тыйым салынған) жалған мемлекеттік құры­лымымен жалғасып жат­қан күрестің, Таяу Шығыстағы, Париждегі, Брюссельдегі, Ыстан­бұл­дағы және Қазақстанның Ақтөбесіндегі қанқұйлы терактілердің қазіргі жағдайларында біздің респуб­ликамыздың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануының мән-маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғарғы органы­­ның құрамына кіре отырып, Қазақстан жалпы­адамзаттық өркениетті қорғаушылардың, халық­ара­лық қоғамдастықтағы бейбітшілік пен тұрақты­лық­ты алға апарушылардың алдыңғы қатарынан көрінбек. Біздің еліміздің дауысы бұл жұмыста мәнді де салмақты болатынына сенімдіміз. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы  * * * Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі Қазақстан Республикасының мерейлі жеңісіне және Елбасы, елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясатының салтанат құруына байланысты өз құттықтауын жолдайды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Азия-Тынық мұхит мемлекеттер тобының атынан БҰҰ-ның аса маңызды саяси органының жұмысына ресми түрде қатысатын болады, ал Ұйымның Жарғысы бойынша бұл органға жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі өкілеттіліктер жүктелген. Елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы – Мемлекет басшысының халықаралық беделін әлемдік тұрғыдан тану, оның серпінді жаһандық бастамаларының биік бағасы. Президентіміз бастаған біздің еліміздің жаһандық қауіпсіздікті және халықаралық қатынас­тар­дағы сенім шараларын нығайту жөніндегі жаңа, абыройлы әрі жауапты миссияны лайықты орындап шығатындығына ешқандай күмән жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі  * * * Қазақстан әзербайжандарының этномәдени бір­лес­тігі Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сай­лануы туралы хабарды мақтаныш сезіммен қарсы алды. Бұл біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тату көршілік, жаһандық үнқатысу мен ынтымақтас­тықты нығайту қағидаттарына негізделген бейбіт­шілік сүйгіш саясатын халықаралық тұрғы­дан мойындаудың тағы бір дәлелі. Жалпыәлемдік өзекті проблемаларды шешуге қатысу біздің еліміз үшін көптеген елдермен және өңірлермен қарым-қатынасты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық бұрынғыдан да берік топтасуы және бейбітшілік пен тұрақты­лықты нығайту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауы қажет. Біз еліміздің жер бетіндегі жасампаздық, бейбітші­лік пен тұрақтылықты нығайту ісіне бұдан былай да өзінің күш-жігерін жұмсай беретініне сенімдіміз. Қазақстан әзербайжандарының этномәдени бірлестігі  * * * Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы біздің еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған бейбітшілік пен келісім саясатының жеңісі болып табылады және әлемдік қоғамдастықта біздің еліміз бен Көшбасшымыз иеленіп отырған құрметті тағы бір рет айғақтайды. Ұйымның тұрақты емес мүшесінің құқығы біздің елімізге қауіпсіздік саласындағы ағымдағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға тікелей қатысуға және өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін әлемдік деңгейде алға шығарып танытуға мүмкіндік береді. Біздің еліміз әрқашан жетекші әлемдік бастамалардың алғы шебінде келеді. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті ұйымдастыру орайындағы Елбасы бастамалары, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және көптеген басқа бастамалар Қазақстанды жаһандық қауіпсіздікті ілгері жылжыту және бүкіл әлемде сенім атмосферасын қалыптастыру жөніндегі көшбасшы деңгейіне көтерді. Қазақстанның ұстанымы және оның БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесіндегі пікірі әрқашан салмақты әрі бедел­­ді болатындығына, Жер шарының барлық түк­­пір­­лерінде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ең күр­де­лі проблемаларын шешуге ықпал ететіндігіне сенімдіміз. «Қырғызстан» – «Астана» қырғыз этномәдени бірлестігі  * * * Қазақстан күрдтері қауымдастығы барлық қазақстандықтарды толайым оқиғамен – елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтайды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ақыл­ман сая­сатының арқасында Тәуелсіздіктің 25 жылы ішін­де Қазақстан көптеген биік шыңдарды бағындырды. Біздің еліміздің тарихы әр алуан этностар мен конфессиялар өкілдерінің біздің жерімізде бір аспанның астында, бірге, тату-тәтті достықпен өмір сүріп жатқандығын айқын айғақтайды. Біз бүкіл әлемге келісім мен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетудеміз, әрі мұны бағалайды. Сондық­тан да біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болып отыр. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған халқымыз өзінің осынау мәртебелі халықаралық ұйымдағы тарихи миссиясын лайықты орындайтынына сенімдіміз. «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы  * * * Қазақстан кәсіподақтар федерациясы барлық қазақстандықтарды және біздің Мемлекет басшысын Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтайды. Мұның Қазақстан тарихындағы жаңа жарқын бет екендігі сөзсіз. Біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің тұрақты емес мүшелері құрамына сайлан­ған Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет болды. 25 жылда Қазақстан өзін халықаралық қоғам­дас­­тықтың толық құқықты субъектісі және жаһан­дық қауіпсіздікті нығайту, әлемдегі бірлік пен тұрақ­тылықты сақтау жөніндегі үдерістердің белсенді қатысушысы ретінде таныта білді. Бұл – Мемлекет басшысының бүкіл әлемдегі бейбіт­ші­лікті өрістету жөніндегі дәйекті жұмысы­ның лайықты нәтижесі. Бұл – бүкіл қазақстандықтардың жеңісі. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу Қазақстанның жаһандық бастамаларын алға жылжыту жөніндегі жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы   * * * «Қазақстан ардагерлер кеңесі» РҚБ Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевты және Қазақстан халқын елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың биік беделі және бірегей халықаралық бастамалары арқасында біз осындай жоғары сенімге ие болдық. Қазақстан біздің Мемлекет басшысының бастамасы бойынша әлемдік тарихта алғаш рет ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартты. Біздің еліміз жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту ісіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Осынау тарихи оқиғаның алғашқы хабаршысы аса қысқа мерзімде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжатына айналған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі болды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу Қазақстан үшін бүкіл әлемде бейбітшілік жолын­дағы жаһандық бастамаларды алға жылжыту ора­йындағы жаңа мүмкіндіктерді ашады. Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі абыройлы миссиясын лайықты орындап шығатынына сенімдіміз. «Қазақстан ардагерлер кеңесі» РҚБ