Астана әкімі Әсет Исекешев өзінің жаңа қызметіне кіріскен күннен бастап бас қаланың барлық аудандарын аралап, тіршілікті қамтамасыз етудің тіректі нысандарымен танысты.
Шаһар басшысы ең алдымен осы уақытқа дейін талай сынның айтылуына арқау болған атышулы Талдыкөлге атбасын бұрды. Қаттырақ жел соққанда қолқаны қабар жағымсыз иіс елордалықтарға едәуір қолайсыздықтар тудыратыны туралы жайсыздау әңгіменің әркез көтеріліп жүргені жасырын емес.
– Бұл мәселені ұдайы назарда ұстайтын боламыз. Елбасының осыған байланысты тапсырмасы белгіленген мерзімінде әрі мүлтіксіз орындалуға тиіс, – деді ол тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып.
Сол арада жұмыс жүргізіп жатқандар әкімге көлді құрғату бағытында басы қайырылған шаруалардың барысын баяндап берді. Бұл ретте, әсіресе, лас суды тазалайтын қосымша қондырғылар орнату мен тозған тораптарды қайта жөндеуге айрықша назар аударылуда екен. Былтырдан бері мұнда қаланың қалдық суларын жіберу тоқтатылған. Осы жылдың аяғына қарай көлдің табаны тегіс тазартылмақ.
Елорда мэрі, сондай-ақ, астаналықтардың күнделікті тұрмысында айтарлықтай орын алатын екінші және үшінші жылу энергетикалық орталықтарына барып, алдағы жылыту маусымына дайындық деңгейін тексерді. Аталмыш кәсіпорын жетекшілерінің айтуына қарағанда, екінші ЖЭО-да қыр астындағы қыс түскенше №5, 6, 7 қазандық агрегаттарын іске қосу жоспарланып отырған көрінеді. Егер осы жоба ойдағыдай жүзеге асса, жалпы жылу беру мүмкіндігі 400 Г-калға шейін артпақ. Ал үшінші ЖЭО-ның бірінші кезегін салу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда.
Астана қалалық энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаевтың сөзіне сенсек, кәсіпорынның тапқан, таянған табысы толықтай инвестициялық бағдарламаларды орындауға жұмсалады. Демек, бұлар өзін өзі қамтамасыз ететіндіктен, бюджет қаржысы шығындалмайды. Оның үстіне үшінші ЖЭО-ның екінші кезегі мемлекет-жеке меншік әріптестігі аясында пайдалануға берілмек.
Энергетиктермен әңгіме кезінде Ә.Исекешев қуат көздерінің құрылысын жүргізу мен қайта жарақтандырудың кез келген қала үшін стратегиялық зор маңызы барын, ал елордада оның қажеттілігі тіптен арта түсетіндігін атап өтті. Өйткені, қазір екінші және үшінші ЖЭО-дағы ауқымды істер аяқталса, жылу жетіспеушілігін жауып, Астананы үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге жан-жақты жағдай жасалатын болады.
Табиғаттың тасыр мінез танытуы себепті кейінгі күндері Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режімге көшірілді. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан кейбір көшелер көлкіп кетті. Осыған орай әкім Әсет Исекешев су басудың салдарын жою жөнінде жедел кеңес өткізіп, барлық күштерді ортақ мақсатқа жұмылдыруды тапсырды. Әзірге аспан қабағының ашылатын түрі байқалмай тұр.
Алдымызда айтулы мереке – Астана күні тойланбақ. Оған әзірлік шарықтау шегіне жеткені әмбеге аян. Ендеше, елорда басшысының қаланың қарбалас тірлігінен бір сәт бой тартып, ентігін басуына уақыты жоқ екендігі талас тудырмаса керек.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48