Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына орай кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Еуропалық құқық пен адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов баспасөз конференциясын өткізді. Онда еліміздің Орталық Азия мемлекеттері ішінде алғаш болып осындай дәрежеге қол жеткізгендігі ерекше аталды.
Айта кету керек, Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Азия-Тынық мұхит мемлекеттері тобынан сайлануы үстіміздегі жылдың 28 маусымында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы барысында белгілі болған-ды. Жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстану жөніндегі өкілеттілік Ұйым Жарғысымен бекітіп берілген. Ал БҰҰ-ның маңызды саяси құрылымына Қазақстанның сайлануы – айтулы оқиға. Жалпы, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы халықаралық қоғамдастық тарапынан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатта конструктивтік бейбітсүйгіштік саясат ұстанып келе жатқан бағытына деген үлкен құрметін тағы бір қырынан паш етіп берді.
Танымал сарапшы Марат Бәшімов бұл ретте еліміздің бұл жетістігі тарихи оқиға екендігін тілге тиек ете келіп, Қазақстанның кандидатурасына БҰҰ құрамындағы 193 мүше мемлекеттің 138-і өз дауыстарын бергендігін үлкен жетістікке балады. Өйткені, осыған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен бір кездесуде Таиландқа көп ел дауыс беруі мүмкін деген жорамал да айтылыпты. Артынан белгілі болғандай, Тай еліне 55 ел ғана өз дауыстарын беріп, сенім артқан. «Белгілі бір шешім қабылдамас бұрын әр мемлекет сол елдің ішкі және сыртқы саясатын бағамдап алады. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі маңызды рөл атқарды. Ядролық қарудан өз еркімен ешбір ел бас тартқан емес. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, бейбітсүйгіштік бастамаларын жаһандық қауіпсіздіктің күн тәртібіне ұсынып келеді», деді Марат Советұлы.
Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігін 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін атқаратындығын айта келіп, М.Бәшімов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында 15 мемлекет болса, соның 5-уі (Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция) тұрақты мүше мәртебесіне ие екендігін қаперге салды. Ал қалған 10 ел екі жыл мерзімге 5 аймақтық топқа кіретін елдер ішінен сайланады.
Қазақстан Азия-Тынық мұхит тобына жататын мемлекеттер ішінен сайланған Малайзияны ауыстырады. «Қазақстан дипломатиясының жарқын жеңісі еліміздің, толықтай алғанда, өңірдің жаһандық қауіпсіздік саласындағы рөлінің артуымен байланысты. Осылайша Қазақстан экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ, азық-түлік, ядролық және энергетикалық қауіпсіздік проблемаларын шешуге, су мен гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жоғары деңгейде талқылауға мүмкіндік алып отыр», деді танымал сарапшы. М.Бәшімов лаңкестер ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруларды пайдаланып, адамзаттың жойылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге бара алатындығын да ортаға салды. Манифесте бұл соғыста жеңімпаздар болмайтындығының айтылуы да сондықтан, деді ол.
Олай болса, конструктивті үнқатысу мен тең құқылық жауапкершілік қана тығырықтан алып шығудың жолы. Қазақстан халықаралық құқық қағидаттарына сүйене отырып, ертең БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ұйым Жарғысындағы ережелердің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына күш салатын болады. Шетелдердің Қазақстандағы елшіліктері мұндағы ішкі саяси тұрақтылықтың сақталып отырғандығын, инвестициялық ахуалдың жақсаруына барлық жағдайлар жасалып жатқандығын, сонымен бірге, этносаралық және дінаралық қарым-қатынас саласындағы жетістіктерін өз мемлекеттеріне жеткізіп келетіндігі де ерекше аталды. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің басым көпшілігі Қазақстанға дауыс беруінің астарында осы себеп те жатуы мүмкін көрінеді. Бұдан басқа, Елбасының ұлттық реформаны қолға алуының да өзіндік оң ықпалы болғандығын айта кеткен орынды.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздігімізге қол жеткізген 25 жыл ішінде Қазақстан өзінің мемлекет ретіндегі қарым-қабілетін дәлелдеді. Әлемнің көптеген елдерінің басшылары Қазақ елінің жетістіктерін өзгелерге үлгі боларлықтай деңгейге жеткендігін жиі айтып жүр. Үстіміздегі жылдың 29 тамызында елімізде өтетін халықаралық конференция ядросыз әлемнің қалыптасуына өзіндік үлес қосуы тиіс.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11