Азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Көкшетау техникалық институтында жас офицерлердің кезекті, 18-ші шығарылымы өткізілді.
«Тәуелсіздік» алаңындағы салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысты.
Білім ордасының бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Сырым Шәріпханов Юрий Ильинге күндізгі оқу бөлімінің түлектерін шығарып салу салтанатына институттың дайын екендігін баяндады. Вице-министр мен облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар қызметінің ардагерлері жас офицерлерді құттықтап, алдағы қызметтеріне табыстар тіледі. Ал ата-аналар атынан сөйлеген Елеусіз Құлмағамбетов пен оқуды үздік бітірген лейтенант Бексұлтан Рахымбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілетін жылда үлкен өмір жолына жолдама берген институттың оқытушы-профессорлар құрамына алғыстарын білдірді.
Биыл Көкшетау техникалық институтын 102 түлек әскери іс және қауіпсіздік бакалаврының «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітіріп отыр. Сонымен қатар, Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясына және Азаматтық қорғаныс академиясына институт атынан жіберілген 19 курсант жоғары білім алып шықты. Бұған қоса, Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық келісімдері бойынша Қырғызстанның ТЖМ үшін тұңғыш рет екі мамандық бойынша инженер-офицерлердің даярланғанын институт өміріндегі ерекше оқиға деуге болады.
Барлық түлектер еліміздің өңірлерінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аймақтық бөлімшелеріне жолдама алды.
Түлектерге лейтенант погондары мен дипломдары табыс етілді.
Көкшетау техникалық институтындағы танымдық дәстүрлердің бірі жауынгерлік тумен қоштасу болып табылады. 2016 жылғы түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы азаматтық қорғаныс лейтананты Абылай Баяновқа берілді. Ол – 4 жыл бойы курс старшинасының көмекшісі болып, курста және институтта өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысқан курсанттардың бірі.
Салтанат дәстүрлі «офицерлік бимен» аяқталды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
КӨКШЕТАУ

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48