05 Ақпан, 2011

«Күміске таласу ғана қалды»

394 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сәрсенбі  күні  Ал­маты­дағы халық­ара­лық трамплиндер кешенінде К-125 тұ­ғы­рынан секіру жарысы аяқ­тал­ды. Жапон­дықтар­дың ба­сым­ды­лығы жарыс бас­тал­ғаннан-ақ көріне бас­та­ды. Бірінші раундтан кейін олар қалған қарсыластарын арт­қа тастап, алға суыры­лып шық­ты. Сондықтан өз­гелердің тек күміс медальға таласудан басқа амалы қалған жоқ. Шаңғымен секіру спорты бо­йынша Қазақстан құра­ма­сының үздік спортшысы Николай Карпенко К-125 трамплинінде өткен ко­ман­­далық секіру сайысы аяқ­талған соң күміс жүлдегер атан­ған­дарына шексіз қуанышты екенін жасырмады. – Әрине, алтын аламыз ба деп үміттеніп едік. Жасыратын несі бар, жапондықтар алдына жан салмай келеді. Өз «үйімізде» оты­рып, Жапония секілді ең мық­ты қарсылас­тармен бақ сына­судың өзі оңай емес. Дегенмен, өз коман­дамыздың мұндай жетістігіне қуа­ныштымын. Ең керек кезде бір-бірімізге сүйеніш болдық. Ал, жеке басым одан да жақсы көрсет­кіштер көрсетер едім. Қа­зақ­стан чемпионатында мен 139 метрге се­кіріп, өзіме де, алматы­лық трам­плинге де рекорд орнат­тым. Бір сөзбен айтқанда, көңілім тола­ды. Себебі, командалық жа­рыс­тар­дың жеке сайыстарға қара­ғанда жауапкершілігі көп. Бұл жолы барлы­ғымыз тұрақты нәти­же көрсеттік. Бұл өте жақсы, – деді ол. Командалық жарыс кезінде тұғырдан секірген қазақстандық «ұшқыш» шаңғышы Алексей Ко­ро­левке жел кедергі жасады. Сон­дықтан, оның көрсеткен нәти­жесі күткендегідей болмады. Шынды­ғында солай болғандығымен шаң­ғышының өзі де, команда мүше­лері де келіседі. Бүгінгі ауа райы жарыстар­дың бірінші күніне қарағанда қо­лай­сыздау болып тұр. Жел бол­мағанда мен ең үздік көрсеткішке қол жеткізе алатын едім. Бірақ, біздің коман­даның көрсеткен жарысына көңілім толады. Екінші рет секіргенімде нә­ти­же жақ­сы болды. Спортшы­ла­ры­мыз да тырысып-ақ бақты. Біз медаль алуды мақсат еткен едік. Оған еңбегіміз сіңген шығар, деді А.Королев. Қазақстан құрама коман­да­сы­ның ең жас спортшысы Евгений Левкин К-125 командалық жа­ры­сында таңғажа­йып нәтижеге қол жеткізіп, ко­ман­да­ның есебіне ең көп ұпай қосты. Ол алғашқы жаттығуда 119,5 метр қашықтыққа секірсе, екінші кезекте бұл көрсеткішті 123-ке жеткізді. Сөйтіп, аса тәжірибелі қазақ­стандық Николай Карпенко­ның нә­тижесінен асып түсті. Евгений, әри­не, командалық дос­тары­ның табыс­тарына және өзінің қол жеткен табысына соншалық риза болды. – Евгений, сіз бүгін Қазақстан құрамасында ең жоғары нәтиже көрсеттіңіз. Құттықтаймыз! – Рахмет! Бұл табысыма мен қуаныштымын. Біздің команда алға қойған мақсат межесіне жетті. Бізге жанкүйерлердің де қол­дауы медет болды. Көрермен­дер­дің мұндай демеуі спортшыларға қуат береді. Біздің күміс медаліміз бар, жан-тәнімен берілетін жанкүйер­леріміз бар. Азиадада өтетін соңғы жарыстарға біз одан да күшті қайсарлық танытып шығамыз. – Күміс медаль команданы қанағаттандырды ма? – Әрине. Біз өз күш-мүмкін­дігімізді объективті түрде бағалай­мыз. Алтын медаль да артық болмас еді. Бірақ біздің негізгі қарсы­ласымыз – жапон­дық­тар мықты дайындықпен келгендігін танытты. Қазақстан құрама командасы­ның мүшесі Радик Жапаровтың К-125 трамплиніндегі команда­лық жарыстан кейінгі көңіл-күйі 31 қаңтарда өткен К-125-тегі жеке жа­рысқа қарағанда жақсырақ болды. Оған таңданудың еш қажеті жоқ. Өйткені, бұл жолы Радик жақсы нәтижелер көрсетті. Алғашқы тал­пыныс­та Жапаров 114,5 метрге, екіншісінде 122,5 метрге секірді. – Менің өз секірулеріме көңі­лім толады, – деді Жапаров. – Бірінші жа­рыс күнінен кейін нәти­желеріме өкін­ген едім. Алайда, қа­зір біз команда бо­лып алға қо­йыл­ған міндеттерді атқар­дық. Ал­дын-ала бол­жан­ған­дай, жа­пон­дық­­­тар мықтырақ боп шық­ты, олардың ко­ман­да­ларында әлем­дік аты бар спорт­шылар бар емес пе?! Бірақ біз күмісімізді өз еңбегімізбен жеңіп алдық. Осылайша, К-125 трамплин жарыстарының алтын жүлдесі жа­пониялықтардың алқасына та­ғыл­ды. Азиаданың алтын медалін жа­пондықтар арасында жеке есепте ең үздік болған Йошиока Казуя алды. Команда болып жи­налып, олар – 837.6 балл жи­на­ды. Екінші орында – Қазақстан командасы – 794.0 балл. Корея спортшылары  770.3 балл жинап, қола жүлдегер атанды. Айнаш ЕСАЛИ.