05 Ақпан, 2011

Азиада – мақтанышым!

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақ Азиаданың біздің елімізде өтіп жатқаны әрбір Қазақстан аза­ма­тының көкірегінде мақтаныш оят­а­тыны рас. Азиаданың ашылуы сәби­лері­мізді де бейжай қалдырған жоқ. Осындай тарихи оқиғаға байла­нысты «Менің Азиадам!» тақыры­бы аясында Роза Жалпетекова бас­шы­лық жасап отырған №57 «Салтанат» балабақшасында да бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Топтар ара­сын­да спорт, көрке­мөнер, бейнелеу өнері бойынша сайыстар ұйымдас­ты­рыл­ды. Оған­ бір­неше топтар ара­сында Мең­сұлу Жүнісбекова тәр­бие­лену­ші­лері, яғни «Күншуақ» естиярлар тобы жеңімпаз атанды. Сәбилердің спортқа, туған жерге деген сүйіспеншілігін арт­тыруды мақсат тұтқан жас буын­ды тәрбие­леушілер туған өлке­сіне деген ерекше сезім ұялата алды деп ойлаймыз. Алмагүл АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ, №57 «Салтанат» балабақшасының  әдіскері. АСТАНА.