Ақ Азиаданың біздің елімізде өтіп жатқаны әрбір Қазақстан азаматының көкірегінде мақтаныш оятатыны рас. Азиаданың ашылуы сәбилерімізді де бейжай қалдырған жоқ.
Осындай тарихи оқиғаға байланысты «Менің Азиадам!» тақырыбы аясында Роза Жалпетекова басшылық жасап отырған №57 «Салтанат» балабақшасында да бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Топтар арасында спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері бойынша сайыстар ұйымдастырылды. Оған бірнеше топтар арасында Меңсұлу Жүнісбекова тәрбиеленушілері, яғни «Күншуақ» естиярлар тобы жеңімпаз атанды.
Сәбилердің спортқа, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат тұтқан жас буынды тәрбиелеушілер туған өлкесіне деген ерекше сезім ұялата алды деп ойлаймыз.
Алмагүл АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ, №57 «Салтанат» балабақшасының әдіскері.
АСТАНА.