02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №30

339 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 30 наурыз,3 Астана қаласы Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №303 бұйрығымен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі № Бағалы металдарды өндіру субъек­тіле­рінің атауы БСН Орналасу орны Байла­ныс теле­фоны Элек­трондық поштасы, факс Техно­логиялық опера­ция­лардың түрлері Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері 1 «Казцинк» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 970140000211 Қазақстан Рес­пуб­ли­касы, Шы­ғыс Қазақ­­стан облысы, Өскемен қаласы, Про­­мыш­лен­ная көшесі, 1 үй. 8 (7232) 291001 kazzinc@kazzinc.com, 8 (7232) 291355 қайта өңдеу (байыту, алу); аффи­наждау өңделмеген бағалы ме­тал­дар (оның ішін­де, құйма тү­ріндегі Доре қорытпасы, катод­­ты металдар), мырыш шөгінділері; зергер­лік бұйым­дардың сынық­тары; баға­лы метал­дардың кен­дері мен концентраттары; құра­­мында бағалы метал­дар бар түсті метал­дардың кен­дері, концен­траттары және күлі, түсті металдар өнді­рі­сінің жартылай өнімдері 2 Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 110440001807 Қазақстан Рес­публи­касы, Кара­ғанды облысы, Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 1 үй. 8 (71036) 62255 Dinara.Bo@kazakhmys.kz 8 (71036) 63478 қайта өңдеу (байыту, алу); аффи­наждау өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; зергерлік бұйым­дардың сынықтары; ба­ғалы металдардың кен­дері мен концентраттары; құра­мында бағалы металдар бар түсті металдардың кен­­дері, концентраттары және күлі, түсті металдар өнді­рісінің жартылай өнімдері 3 «Тау-Кен Алтын» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 091240012920 Қазақстан Рес­пуб­ли­касы, Ас­тана қала­сы, Ал­маты ауданы, А194 көшесі, 1 үй. 8 (7172) 30 94 24 info@taukenaltyn.kz 8 (7172) 30 94 24 аффи­наждау өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; зергерлік бұйымдардың сынықтары Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13635 болып енгізілді.