02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №453

237 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 мамыр , Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9829 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережеде: 14-тармақта: 8) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) ғарыш инфрақұрылым объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға шығындар нормативтерін әзірлейді;»; 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «21) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін әзірлейді; 22) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін әзірлейді;»; мынадай мазмұндағы 37-1), 37-2) тармақшалармен толықтырылсын: «37-1) су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бiрлесiп жүзеге асырады; 37-2) «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастырады;». 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М.Шаймағамбетов): 1) осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше