02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

218 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсан №828 Астана қаласы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 14 желтоқсан №717 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ «Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 76 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 ақпандағы № 37 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. «Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілер үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 76 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушынын 2010 жылғы 15 ақпандағы № 37 бірлескен бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6069 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 наурыздағы № 39 (1661) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті: 1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е.ДОСАЕВ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________ В.ШКОЛЬНИК