02 Шілде, 2016

Ақпарат құралдары ел мүддесін көздесін

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
01-07-01-01Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Д.Абаев таяуда құрылған ми­нис­трлік қызметінің  бүгінге дейін­гі нәтижелері мен алдағы кезеңге ар­налған жоспарлары туралы баян­дады. Мемлекет басшысы отандық бұ­­қаралық ақпарат құралдары қыз­метінің сапасын арттыру қажет­тігіне назар аударды. – Министрлік дәл осы мақ­сат­пен құрылды. Барлық әлемдік, соның ішінде ресейлік БАҚ-тар өз елінің азаматтарының патриоттық сезімін арттыруға, дер кезінде ақпарат ұсыну және барлық мәсе­леге уақтылы үн қату арқылы сырт­тан келетін ақпараттық шабуыл­дарға қалқан бола отырып, іш­кі саяси тыныштықты сақ­тауға көмектеседі. Қажет болған жағдайда халықаралық тәжірибені енгізіп, осындай жұмыстар атқа­ру керек. Бұқаралық ақпарат құ­рал­­дары – орасан күш, бұл, әсі­ресе, көптеген қатері бар интернет кеңіс­тікке қатысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қазіргі кезде мемлекет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын, оны халыққа тиісті түрде жеткізу қажеттігін айтты. – Барлық БАҚ меншік фор­масына қарамастан, өз халқы­ның мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс аясында берілетін қаражаттың қа­таң есебін жүргізу қажет. Бұл мә­селені заң деңгейінде реттеу қа­жет болса, солай істеу керек, – деді Мемлекет басшысы. Д.Абаев ұйымдастырушылық жұмыстары тұрғысынан минис­тр­ліктің қалыптасу кезеңі аяқтал­ғанын, жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл міндеттер бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістікті дамытуға және түрлі саладағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдаудың тиімділігін жақсартуға, телекоммуникация саласындағы қызмет сапасы стандарттарын жетекші елдер дең­гейіне жеткізуге, электрондық үкіметті ашық әрі есеп беруші мемлекет қалыптастыру аясында одан әрі ілгерілетуге бағытталатын болады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша мем­ле­кеттік ақпараттық саясатты одан әрі ілгерілету, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді тетіктерін енгізу және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.