02 Шілде, 2016

Отанымыз ғалам тыныштығына қызмет етеді

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2544_oko-01«Бақ бағалай білгеннің басында тұрады», дейді облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева. Дүние жүзінде екі жүзге тарта мемлекет бар. Соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне дауыс берген мемлекеттердің 138-і Қазақстан кандидатурасын қолдауы еліміз үшін мақтаныш қана емес, мемлекеттің, халықтың мерейі, халықаралық беделі. Осыған орай Р.Оспанәлиевамен ой бөліскен едік. – Орталық Азия мем­ле­кет­терінің ішінен тұңғыш рет ұсы­нылған Қазақ­станға басым дауыс берілуінің сыры неде деп ойлайсыз? БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің құрамында көлденең көк ат­ты отырмайды, олар­дың Қазақстанға құсы түсуін қалай түсіндіресіз? – Халқының саны жүз миллионнан асса да халықаралық сында беделі кем, экономикалық қуаты әлсіз, «шықпа жаным шықпамен» жүретін мемлекеттер де болады. Ал, халқының санымен мақтана алмаса да әлемнің бейбітшілік мақсатындағы жұмыстарына сүбелі үлесін қосып жүретін мемлекет басшылары да болады. Соның бірегейі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біздің Елбасымыз ешқашан бейбіт мақсат­тан айныған емес. Дүние жүзінің тыныш­тығы үшін қолынан келгенін халықаралық кеңестерде ісімен де, сөзі­мен де көрсетіп жүреді. Бүкіл ата-бабалары­мыз­дың өмірлік арманы болған Тәуелсіз­дігі­мізді алғанда қолымыздағы ядролық қарудан бас тарттық. Елбасымыздың осы бастамасын бейбіт өмірді сүйетін барша халық қолдады. Өйт­кені, тақымыңның астына сан миллиондаған адамдарға ажал құштыратын ядролық қаруды басып отыру мемлекеттің қауіп­сіз­дігі үшін зор қатер болар еді. Қазақстан Мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен кеңесте жаһандық және өңірлік мәселелерді реттеуге, ядролық қарусыздану мен оны таратпауға байланысты ұсыныстары бейбіт өмірді сүйетін дүниежүзі халқының зор ықыласына ие болды. – Азия елдерінен Қазақстанның мүше болып сайлануының заңдылығы осындай себептерден дейсіз ғой? – Әрине, сүйікті Отанымыздың әлем тағдыры шешілетін айтулы кеңеске мүше болуынан тек біз ғана емес, дүниежүзіндегі барлық ұлттар мен ұлыстар жақсылық көреді. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы  
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше