Белестер биіктей береді
Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасырына қадам басқан сайын еліміздің ұлықтығын дәріптейтін оқиғалар легі қалыңдай түсуде. Біз мақтанатындай жағдайлар бар. Оны әлем қауымдастығы мойындап отыр. Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануын мерей тізбесінің биігіне қосамыз. Тарихымызда бұрын болмаған оқиға кешегі 28 маусымда, Нью-Йоркте, БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс берудің нәтижесінде мәлім болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осынау оқиғаға қатысты халқымызға арнаған Үндеуінде: «Бұл Кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз», деп айрықша атап көрсетті. Мұның астарында елімізді аспандататын да, тұңғиық ойларға бойлататын да мәселелер жатқандығы белгілі. Өйткені, ұлан-ғайыр мерейге әлем тынысындағы аласапыран сәттер тізбегінде жетіп отырмыз. Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Бұл ғаламтор төріндегі жауапкершілігімізді еселей түспек. Яғни, Қазақстан ғажапстан дәуіріндегі ұмтылыстарымен көзге түсетін шақ туды. Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге тікелей байланысты болмақ. Қазір бейқам отыратын жағдай емес. Әлемдік қауымдастық сенім мандатын жайдан-жай бере қоймайды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сайлануы халық тағдырындағы құбылыс түріндегі оқиға. Бұл Елбасының сөзімен айтқанда, тек біздің еліміздің ғана емес, сондай-ақ, бұған дейін ешқашан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауап беретін органда өкілеттілік етпеген бүкіл Орталық Азия субөңірінің де табысы. Ендігі жерде Қазақ елі жаһандық проблемаларды шешудің жолдарын іздестіруге сүбелі үлес қосатын болады. Тұрақты және қауіпсіз әлем – бұл азаматтарымыз бен балаларымыз үшін аса қажетті құндылық. «Нақ сондықтан Қазақстан болашақ қазіргіден де сенімдірек және игіліктірек болуы үшін өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып қалуға ұмтылатын болады. Біз жаһандық қоғамдастықтың назарын бұған дейінгі көкейкесті бастамаларымызға аудару ниетіндеміз. Олар ядролық қару мен соғыс вирустарынан және жанжалдардан азат әлем құруға бағытталған». Нұрсұлтан Әбішұлының осынау сөздері Қазақстан халқының жүрегінен шыққан пәтуәлі пікір деп санаймын. Осының барлығы әркімге де қатысы бар толғақты мәселелер екендігі анық. «Еліміз осынау зор сенімнің үдесінен шығып, Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы асқақтай түсеріне кәміл сенемін!», дейді біздің Президентіміз. Аталы сөздің асқақтататын ауанындағы халқымыз белестер биігінен көріне беретіні күмәнсіз. Боранбай БЕГАЛИН, мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағы Ақмола облыстық комитетінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты КӨКШЕТАУСҚО-да жасөспірім сыныптасына пышақ жарақатын салды
Оқиға • Кеше
Қазақстандықтар 6 қазан күні сайлау учаскелерінде уақытша тіркеуге тұра алады
Референдум 2024 • Кеше
«VІІI Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет • Кеше
Астанада грэпплингтің әлемдік жұлдыздары бас қосады
Спорт • Кеше
«40 тонна»: Контейнер ұрлаған күдікті ұсталды
Оқиға • Кеше
Жалған пәтерді жалға берген алаяқтар ұсталды
Оқиға • Кеше
«Инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіп» тақырыбында арнайы сессия өтті
Инфрақұрылым • Кеше
Астанада медициналық білім беру сапасы мәселелері талқыланды
Денсаулық • Кеше
Экологиялық мәселелерді шешу ісінде еріктілердің рөлі зор
Экология • Кеше
Петропавлда пәтерден әйелдің өлі денесі табылды
Оқиға • Кеше
Референдум: шетелде тұратын азаматтар қалай дауыс береді
Референдум 2024 • Кеше
Алматыда Ішкі медицина мамандарының I ұлттық конгресі өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
1300 медицина қызметкері біліктілігін арттырды
Медицина • Кеше
Мемлекет басшысы ҚР Судьяларының ІХ съезіне қатысты
Президент • Кеше
Жамбылда жылына 30 млн жұмыртқа шығаратын инкубатор іске қосылды
Шаруашылық • Кеше
Қазақстан аспаны әлемдік рекордтар тарихына енді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан премьер-лигасы: «Ордабасы» озып тұр
Футбол • Кеше
ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Нарықта мұнай бағасы шарықтады
Экономика • Кеше
Екібастұзда есірткі зертханасы жойылды
Есірткі • Кеше
Қызылордада 20 бала бұрыш спрейінен уланып қалған
Оқиға • Кеше
Елімізде 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп жүр
Инфографика • Кеше
Найзағай ойнап, үсік жүреді: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Болашақтың энергиясы: АЭС салу іргелі өзгерістерді талап етеді
Референдум 2024 • Кеше
Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі
Референдум 2024 • Кеше
Ғылым • Кеше
Волонтерлер слеті: Ізгілікке бастайтын ынтымақтастық
Волонтер • Кеше