Астана қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты жиын өткізді.
Іс-шараға түркі елдері дипломатиялық миссияларының, атап айтқанда, Әзербайжан Республикасының, Моңғолияның, Түрік Республикасының Қазақстандағы елшілік дипломаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысты.
Басқосуды жүргізген академия басшысы Дархан Қыдырәлі Тәуелсіз Қазақстан өміріндегі тарихи оқиғаның маңызына тоқталды. «Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аренадағы биік беделінің көрінісі және Қазақ елінің тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі бейбітсүйгіш бастамаларына берілген лайықты баға. Ядролық қарудан бас тартқан сарабдал саясат пен бітімгершілік қағидаларын берік ұстанудың жемісі. Бүгінгідей алмағайып заманда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы әлемдегі тиімді ықпалдастыққа байланысты ізгі ұстанымдарды жалғастырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деді Д.Қыдырәлі.
Жиынға қатысушылар Қазақстанның осындай мәртебеге ие болуы көршілес аймақтар мен бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға екенін айтып, пайымды пікірлерін ортаға салды.
«Егемен-ақпарат»

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше