02 Шілде, 2016

*Басқа басылымдардан

270 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
лог-белтаҚауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес өкілі Беларусьтің басты ақпарат агенттігі Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің атынан 2017-2018 жылдарға сайланғанын жеткізді. Бұл туралы 28 маусым күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру кезінде белгілі болды. Қазақстан – Орталық Азиядан бірінші болып БҰҰ-ның маңызды саяси органы құрамына сайланған алғашқы мем­лекет. Оған Ұйымның Жарғысы, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде өкілеттік жүктелді. Қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсене қатысуы елдің ұлттық мүдделерін қорғаудың және барынша таны­мал­дығын қамтамасыз етудің маңызды құралы, сонымен қатар, аймақтық және жаһандық сыртқы саясатының қозғаушы күші болып табылады. Қазақстан қызметін ресми түрде 2017 жылдың 1 қаңтары­нан бастап, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғас­тыратын болады. лог-росбалтТаиландпен бәсекеге түскен еді «Росбалт» ақпарат агенттінің мәліметінше, Азия-Тынық мұхиты елдерінің атынан Қазақ­стан мен Таиланд сынға түскен. Қазақстан осыған дейін Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты емес мүшесі болып сайланбаған. Ал Таиланд 1985-1986 жылдары құрамына кірген. Мәліметтер бойынша, Батыс Еуропадан және өзге де елдерден екі орынға Италия, Нидерланд, Швеция таласқан. Латын Америкасынан жалғыз орынға Боливия түсіпті. Сонымен қатар, Африкадан Эфиопия сайлауға қатысты. Жеңіске жету үшін БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісінің дауысын жинауы керек. 1979 жылы 155 раундтық дауыс беруден кейін өзара келісіммен Куба мен Колумбияның орнына Мексика сайланған. Ал 1956 жылы 52 раундтық дауыс беруден кейін Польша мен Түркия екі жылдық мерзімді теңбе-тең бөліп алған. Ұйым қатары жаңарады лог-хинхуаБҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өткен сей­сенбі күні Эфиопияны, Боливияны, Шве­ция­ны және Қазақстанды Қауіпсіз­дік Ке­ңе­сінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі ретінде сайлады. Қытайдың «Синьхуа» агенттігі аталған мемлекеттердің дауыс берудің алғашқы турында қажетті дауыс жинағанын хабар­лады. Қалған орындарға Нидерланд және Италия тала­­сып отыр. Олар 5-турдан кейін бірдей дауыс жинады. Ни­дер­ланд­тың сыртқы істер министрі Берт Кундерс екі елдің бұл орындарды бірдей етіп бөліп алуы туралы ұсыныс жасаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі 15 мем­лекеттен тұрады. Олардың бесеуі тұрақты мүшесі деген мәр­тебеге ие (Ресей, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ және Фран­ция), ал қалған 10 мемлекет екі жыл сайын сайланады. Қазақ­стан Азия-Тынық мұхиты елдерінің атынан Малайзияны алмастырады. лог-регнумАстананың айқын жеңісі Мәліметтерге сәйкес, сайлауға қатыс­қан 193 мемлекеттің ішінен 138 мем­лекет Қазақстанның кандида­турасын қолдаған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, республика БҰҰ-ның ең маңызды саяси органы құрамына сайланған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды, оған Ұйымның Жарғысын, жаһандық бейбітшілікті және қауіпсіздікті ұстау өкілеттігі жүктелді. 2015 жылдың 27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ-ның мерейлі 70-ші Бас Ассамблеясына қатысып, бірқатар ұсыныстар ұсынған: Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045, Ұйымның Экономикалық және әлеуметтік кеңесін жаһандық даму кеңесіне айналдыру, сол сияқты штаб-пәтерін Нью-Йорктен Азияға көшіру, т.б. 2017 жылдан бастап қызметіне кірісетін болды лог-ввсҚазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ке­ңе­сіне алғаш рет тұрақты емес мү­шесі болып сайланды. Оның басты бәсе­ке­лесі саналған Таиланд 55 елдің ғана қолдауына ие болды. Тұрақты емес мүше елдердің арасында өзгерістер болып тұрады. Жаңа жылдан бастап Қауіпсіздік Кеңестегі Ангола, Венесуэла, Испания, Малайзия және Жаңа Зеландия өз орындарынан кетеді. Қарсыласынан басым түсті лог-дипломатҚазақстан жылдар бойы әлем­дік деңгейде мойындалған елдердің біріне айналу үшін тынбай еңбек­тенді. Оның басты инициаторы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көптеген бастамалардың иесі атанды. Бұл ретте «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам», «Бес инс­титуттық реформа» және «Нұрлы Жол» бағдарламалары дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін маңызды рөл атқарады.