02 Шілде, 2016

Әлем алдында абыройы асқақтаған Қазақстан

429 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
ООН-1Қазақстанның «Филия» грек қоғамының қауымдастығы барлық қазақстандықтар мен Елбасы Н.Назарбаевты еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының дауыс беру қорытындылары біздің еліміздің халықаралық аре­на­дағы беделі қаншалықты жоғары екенін көрсетіп берді. Бұл жеңіс Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы имид­жін жоғарылатуға, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаһан­дық мәселесін шешуге қатысуға мүмкіндік береді. Біз еліміздің осы беделді ұйымдағы өзінің бітім­гер­шілік қызметін абыроймен лайықты жүзеге асыра­тынына сенімдіміз. Қазақстан қоғамының басты құндылығы – тағатты­лық, бірлік және келісім – тағдыршешті шешімдер қа­был­дау­да әлемдік деңгейде үлгі ретінде ұсынылатын болады. Қазақстанның «Филия» грек қоғамының қауымдастығы» ҚБ  * * * «Астана Бәйтерек» әйелдер клубы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев пен барша қазақстандықтарды еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Террорлық және радикалдық құбылыстар барлық елдер, бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін жаһандық қатер төндіреді. Мемлекет басшысының бастамалары қашанда осы қатерлерді тек Орталық Азия өңірінде ғана емес, сондай-ақ, әлемдік ауқымда жоюға бағытталып келеді. Президенттің аса маңызды тарихи бастамаларының бірі әлемдік қоғамдастықты жаһандық үнқатысу мен ынтымақтастықты дамытуға, милитаристік саясаттан бас тартуға және халықаралық ұйымдардың бітімгершілік рөлін күшейтуге шақыратын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі десек, қателеспейтініміз анық. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше­лігіне қабылдануы әлемдік қоғамдастықтың еліміз­дің қауіпсіздікті сақтау мен бейбіт бастамалар жасау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалауы болып табылады. «Астана Бәйтерек» әйелдер клубы ҚБ  * * * Қазақстанның «Вайнах» чешендер мен ингуштер қауымдастығы еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануына орайғы мақтаныш сезімдерін бірге бөліседі. Бұл – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі саясатының халықаралық тұрғыдан мойындалуы. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде мазмұндалған іс-қимылдың біртұтас бағдарламасы енді еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі кезінде үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырылуы ықтимал. Тәуелсіздіктің барлық 25 жылы – бұл бейбітшілік пен жасампаздықтың жолы, Қазақстан халқының болашағы біртұтас ұлт идеясымен кемел келешекке ұмтылысы, дүниежүзіне еліміздің қауіпсіздік пен қарусыздануды қамтамасыз ету бағытында жұмсап келе жатқан күш-жігерін таныту. Қазақстан бүгінде жаһандық тұрғыдан саяси салмақты елге айналса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік Отанымызға қазіргі заманғы жалпыәлемдік сын-қатерлерді шешуде қосымша күш беретін болады. Қазақстанның «Вайнах» чешендер мен ингуштер қауымдастығы  * * * Әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары Қазақстан халқын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауында айқын жеңіске жетуімен құттықтайды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеу белесінде біз осы жағымды жаңалықты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев басында тұрған отандық дипломатияның салтанаты ретінде қабылдадық. Бұл жеңіске Мемлекет басшысының қосқан үлесі баға жеткізгісіз. Ол «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде ұсынған бейбітшілік пен келісімнің, соғыстар мен жанжалдарға жол бермеудің қағидаттары бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау тапты. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі жаңа жаһандық бастамалары жер бетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға сүбелі үлес болып қосылса, бұл өз кезегінде, әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау табатынына сенімдіміз. «Шығармашыл бастамашы әйелдер лигасы» ҚБ * * * «Жарасым» республикалық жастар ұйымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және Қазақстан халқын тарихи оқиғамен – еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтайды. Қазақстанның Тәуелсіздіктің таңсәрі шағынан бергі бейбітшіл бағыты елімізді әлемдік қоғамдастық тануының негізіне айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салмақты да көреген сая­саты еліміздің қысқа мерзім ішінде саяси және эконо­ми­калық байланыстар қалыптастырып, жаһандық кеңіс­тікке лайықты интеграциялануына мүмкіндік берді. Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың құрметті мүшесі болып табылады және еліміздің бейбіт бастамалары әркез жоғары бағаланып келеді. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Тәуелсіздіктің 25 жылдың мерейтойлы белесінде сайлануы әлемдік қоғамдастықтың елімізге деген жоғары сенімінің кезекті бір айқын айғағы. «Жарасым» республикалық жастар ұйымы  * * * «Kazakhstan for Peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Бұл – ел Президентінің жаһандық тұрақтылық пен бей­бітшілікті нығайту бойынша стратегиялық бағы­тының әлемдік қоғамдастық тарапынан мойын­дауының жарқын көрінісі. Біздер – Тәуелсіздік құрдастарының буыны Қазақстанның өз миссиясын абыроймен атқарып, бейбітшілік пен жалпыға ортақ қауіпсіздік идеясын әрі қарай да табысты ілгерілете беретініне сенімдіміз! «Kazakhstan for Peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысы * * * Қарашай-Балқар этномәдени бірлестігі Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты және барша Қазақстан халқын тамаша оқиға – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Бұл табыс Президентіміздің халықаралық жоғары беделін, Қазақстанның мемлекетаралық қатынастар мен әскери жанжалдарды реттеуде бейбіт үнқатысуға иек арту бағытындағы күш-жігері мойындалып отырғанын айғақтап берді. Ядролық қарудан бас тарту, Семей ядролық сынақ  полигонын жабу, АӨСШК шақыру, ШЫҰ-дағы қызмет, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, G-global жаңа әлемдік тәртіп құру бастамасы Қазақстанды бейбітшілік пен қарусызданудың жаһандық қозғалысында көшбасшы етті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік Қазақстан­ға планетамыз үшін тағдыршешті бастамаларын ілгерілетуге және жүктелген беделді миссияны лайықты орындауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Қарашай-Балқар этномәдени бірлестігі * * * Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мү­шелікке сайлануы – бұл Елбасы, Президент Н.Ә.Назар­­баевтың және еліміздің бүкіл әлемде бейбітші­лік пен тұ­рақ­тылықты нығайтудағы еңбегінің мойындалуы. Әр қазақстандыққа бұл – өз елі мен Президенті үшін мақтаныш сезімін туғызудың нақты себебі. БҰҰ-ның жетекші құрылымындағы жұмыс Н.Ә.Назар­баевтың бірегей қоғамдық келісім мен жалпыұл­ттық бірлік моделі бар заманауи және қуатты Қазақстан­ды көрсетудің кезекті бір тамаша мүмкіндігі болып табылады. Біз еліміздің әлемдік қоғамдастық тарапынан жүк­тел­ген жоғары миссияны табысты еңсеретініне сенімдіміз. Бәрімізге ашық аспан тілейміз! Алға, Қазақстан! Тараз қаласындағы чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жастар қанаты * * * Тәжіктің «Авиценна» этномәдени бірлестігі барлық қазақстандықтарды сенімді жеңісімен – еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Еліміздің БҰҰ-ның негізгі саяси құрылымына мүшелігі Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік және келісім саясатын бүкіләлемдік мойындау болып табылады. Еліміз үшін тарихи осы оқиғаның Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойлы белесімен тұспа-тұс келуінде нышандық мән бар. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу Қазақстанды жаһандық даму мәселелерін аса жоғары деңгейде талқылау мен шешуге жетелейтіні сөзсіз. Біз Қазақстанның өзіне жүктелген миссияны лайықты атқаратынына нық сенімдіміз. Тәжіктің «Авиценна» этномәдени бірлестігі  * * * Түрікменнің этномәдени бірлестігі Қазақстанның біртұтас халқын еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Бұл Елбасы, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 жыл бойғы бейбіт бастамаларының заңды нәтижесі болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда елімізді 138 мемлекет қолдады – бұл Қазақ­стан­ның халықаралық беделін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың талассыз тануының белгісі. Еліміз Азия-Тынық мұхит мемлекеттер тобынан Малайзияны алмастырып, БҰҰ-ның аса маңызды саяси органы құрамына Орталық Азиядан сайланған тұңғыш мемлекет болып отыр. Біз Қазақстанның терроризммен күрес проблемалары, ядролық қарусыздану, өңірлік жанжалдарды шешу, халықаралық ауқымда бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу мәселелерінде өзінің ұстанымдарын лайықты ілгерілететініне сенімдіміз! Түрікмен этномәдени бірлестігі  * * * «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы» ҚБ қазақстандықтарды еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Бұл жеңіс мемлекетіміздің әлемдік аренадағы беделінің өсе түсіп отырғандығын кезекті мәрте айғақтап берді. Біз еліміздің жер бетіндегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдіміз. Осы тарихи оқиғада, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі зор екені күмәнсіз. Оның халықаралық бастамалары мен конструктивті сыртқы саясаты бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы жаһандық қозғалыстың көшбасшысы ретінде бүкіл әлемде жақсы қырынан танылған. Қазақстан планетарлық  ауқымдағы өзіне жүктелген беделді миссияны лайықты атқаратынына сенімдіміз. «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы» ҚБ