02 Шілде, 2016

Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісі

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иманғали ТасмағамбетовКеше селектор пішімінде қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен алқа мәжілісінің отырысы өтті.  Күн тәртібінде әскерлердің мүд­де­сін тікелей қозғайтын үш ма­ңыз­ды мәселе қаралды. Бірінші мәселе диверсияға қарсы қауіпсіздік пен әскери объектілерді қорғау жөнін­дегі ахуалды көрсетті. Келесі әскер­лерді инспекциялау және тек­серу мәселелерін жетілдіру қарас­тырылды. Себебі, бұл тақырыптың өзектілігі өткізілетін тексерістердің нәтижелерімен туындады. Соңында Әскери-әуе күштеріндегі істің жай-күйіне ерекше назар аударылды. Әскери техника дамыған сайын жауынгерлердің алдында тұр­ған тапсырмалар да күрде­лене түседі. Олардың көлемі ұлғая­ды, жұ­мыс­тарының сипаты өзге­ре­ді, моральдық, моральдық-пси­хо­логия­лық және физикалық жүк­тем­е­лері артады. Ал бұл жеке құрам­ның сана-сезімінің өсуін қажет ете­ді. Осылайша, бөлім­нің жауы­н­гер­лік әзірлігі әрбір әскери қыз­мет­ші­нің жауынгерлік әзірлі­гінен қалыптасады. «Әскери тәртіп әскерлердің жауын­­герлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол әс­кери бөлімде әскери қыз­­мет өткеру қауіпсіздігін, қажет­­ті мате­­риалдық-тұрмыстық жағ­­дай­­ды қам­тамасыз ететін мүм­кін­дік туғы­зу­мен қол жет­кізі­ле­ді. Бұл тар­мақ бойынша әртүр­лі дең­гей­дегі ко­ман­дирлер то­лық жұ­мыс ат­қар­­май­ды. Сал­­да­ры­нан біз сарбаз­дар­­дан айы­ры­­лып отырмыз және бұл тура­лы бар­лық­тарыңыз жақсы біле­­­с­із­дер», деп  атап өткен қор­ға­­ныс ведомст­во­сының басшысы Иман­ғали Тасмағамбетов әскери тәр­­тіп­­тің қатаң және мүлтіксіз сақ­­талуы­­на қол жеткізуге тапсырма берді.  «Егемен-ақпарат»