02 Шілде, 2016

Өңірлерге аттанды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-parlament-01777Кеше Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанды. Барлық үш партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайлан­ған мәжілісмендер тек облыс пен аудан орталықтарында ғана емес, шағын қалалар мен алыс ауыл­дарға да шығатын болады. Депутаттар еңбек ұжымдары мен өндіріс және әлеуметтік салада жұмыс істейтіндермен жүздесіп, қоғамдық қабылдау жасайтыны жоспарланған. Мәжі­лісмендер бәрінен бұрын Парламенттің ал­тыншы шақы­рылымының бірін­ші сессиясындағы заң шыға­ру жұмысынан хабардар етеді. «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі мен «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парының жүзеге асырылу барысы туралы да халыққа айтып береді. Сонымен қатар, депутаттар бюджет қаржысы есебінен жү­зе­ге асырылатын 2015-2019 жыл­дарға арналған «Нұрлы Жол» мем­лекеттік бағдарламасы ны­сан­­дарының жағдайын білетін болады. Мәжіліс депутаттарының халықпен жүздесулері 2-шілде мен 26 тамыз аралығында кезең-кезеңмен өтетін болады, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше