02 Шілде, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Akorda үлкеніЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Украина Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­ты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіз­дік Кеңесінің 2017-2018 жылдар­дағы тұрақты емес мүшелігі сайлау­ындағы жеңісімен құттықтады. Екі ел көшбасшылары екіжақ­ты ынтымақтастықтың өзекті мә­селелері мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Украи­наның экономикалық ынты­мақтастық жөніндегі мемле­кетаралық комиссиясының отырысын биыл өткізуге уағдаласты. П.Порошенко Қазақстан Пре­зидентін Украинаға мем­лекеттік сапармен келуге шақырды. Мемлекеттер басшылары Украинаның оңтүстік-шығы­сын­дағы ахуал туралы пікір алмасты. П.Порошенко Нұрсұлтан Назар­баевқа дағдарысты шешу ісінде­гі араағайындық қызметін жалғас­тыра беру жөніндегі өтінішін жеткізді. Телефон арқылы сөйлесуге Ук­раина жағы бастамашылық етті.