02 Шілде, 2016

«Жаужүрек»

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шакимоваатыраулық аспаз ЭКСПО-2017 көрмесіне осындай ұлттық тағамды ұсынады Индер ауданының Ел­тай ауылында тұратын Гүлжан Шакимова ұзақ жылдан бері аспаздық мамандық игерген. Дәмі тіл үйірер тағамның сан алуанын дайын­дайтын шебер енді 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға мүм­­кіндік алып отыр. Әри­не, ха­лықаралық көр­мені та­машалаушылар қа­тарында емес, осыған орай елімізге келетін шет­­елдік қонақтарға арнайы «Жаужүрек» деп аталатын ұлттық тағамды әзірлеп береді. Ол мұндай мүмкін­дікке қалай қол жет­кіз­ді? Аспаз­дың пікі­рін­ше, бұған дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне ас әзірлеушілердің рес­пуб­лика­лық конкурсына қатысыпты. Сон­да бақ сынаған 300 таң­даулы аспаздың арасынан жүлделі орынға ие болыпты. Осылайша, ен­ді ол қазақтың ұлт­тық та­ғамының бірі – «жау­жү­ректі» ЭКСПО-2017 көр­месіне ұсы­ну құқығын иеленіпті. – Бұл тағам сиырдың жүрегінен дайындалады. Халқымыздың дәстүрі бо­йынша ертеде аналарымыз ұлдарына жауға аттанар алдында рухын көтеру үшін осы ас­­ты дайындап берген ғой. Оған сәбіз, күріш, түрлі дәмдеуіштер мен бұ­рыш қосамын. Қи­я­р мен қызанақты тағам­ды әдемілеу мақса­тында қол­­данамын. «Жау­жү­рек» бойға сіңімді, күш-қуат беретін калориялы тағам түріне жатады, –дейді ас­паз Гүлжан Шакимова. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» Атырау облысы.