02 Шілде, 2016

Әлем-жәлем әлем

291 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
01-07-16-metrikaТуу туралы куәлік... 117 жасында Мексиканың ең жасы үлкен тұрғыны – 117-дегі Тринидад Альварес өміріндегі бірінші туу туралы куәлігін Мехиконың әлеуметтік даму министрінің қолынан алды. Альварес 1898 жылы туған. Ол ешқашан тұрмыс құрмаған, өзінің өгей шешесінен туған жеті баланы тәрбиелеп, үй шаруасымен ғана айналысыпты. Сонымен қатар, ешқашан оның жасы мен азаматтығын айғақтайтын құжаты болмапты. Бұдан мәлімет алған шенеуніктер кейуанаға дереу құжат тапсыра қойыпты. Бірақ әйел ертеңіне жүрек талмасынан қайтыс болып кеткен. «Жерар Депардьеге...» – 600 рубль айыппұл! Ресейдің Архангельск қаласында тиісті салықтарын төлемегені үшін... Жерар Депардье сотқа мәжбүр ету жолымен әкелінді. Бірақ бұл Жерардың француз актеріне ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Туған кезіндегі аты-жөні Андрей Валентинович Христофоров болып табылатын азамат оны осы кезге дейін 4 рет өзгертіпті. Соңғысында Жерар Ксавьемарсельевич Депардье атанған сабаз бюджеттен тыс қорлар органына құжат тапсырмағаны үшін 600 рубль айыппұл төлейтін болып жаза алған екен. 01-07-16-tramp«Әйелімнің жүзігі – 300 мың доллар!» Миллиардер Дональд Трамптың екінші әйелі – актриса Марла Мейплздің неке сақинасы Нью-Йорктің аукционында 300 мың долларға сатылды. Мейплз бұл жүзікті 1999 жылы Трамптан ажырасқаннан кейін сатып жіберген екен. Сол жолы оны бір ерлі-зайыптылар 110 мың долларға алыпты. Ал қазір інжу жалатылған 7,45 каратты жүзіктің жаңа иесі ашып айтылмай отыр. Мұны басында сатып алған АҚШ президенттігіне қазіргі үміткер өз өмірінде үш рет үйленген. Оның бұлардан бес баласы, сегіз немересі бар. Жапон азаматы үрлемелі әйелге ғашық Жапонияда тұратын 61 жастағы Сендзи Накаяма ныспылы азамат Саори деген қуыршаққа ғашық болып қалыпты. Ұзақ жылдар бір әйелмен бір шаңырақ астында өмір сүріп, екі балалы болған жігіт ағасы соңғы 10 жылда үйінен жырақта тұрған. Ол жалғыздықтан жабырқап жүрген кезінде үрлемелі резіңке әйел сатып алады. Содан бастап оның тұрмыс салты күрт өзгереді. Ол қуыршағын күнделікті далаға алып шығып, адам сияқты серуендетіп тұруды да дағдыға айналдырыпты. 01-07-16-korovaҮнділер сиыр дәретінен алтын тапты Үндістанның Джунагадх ауыл шаруашылығы университетінің ғалымдары Гуджарат штатында жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде гир сиырларының кіші дәретінен алтын тапқан көрінеді. Оқымыстылар зерттеуді храмотт-масс-спектрометрия газды тәсілін қолдану арқылы жүргізген. Айтуларынша, мүйізді ірі қараның кіші дәретінің әр литрінен үштен он миллиграмға дейін химиялық қоспалар түріндегі алтын болатыны анықталған. Мамандар тіпті осы алтындарды алып шығарып, кристалға айналдыру үдерісін де жасап көріпті. iPhone-ға үйленген азамат та шықты Естімеген елде көп. Бұрын өзінің тағдырын түрлі жан-жануарларға «қосатын» ерлер мен әйелдердің аттары естіліп жатушы еді. Бұл жолғы сондай «махаббат иесі» жансыз зат - iPhone смартфонына үйленгенін жариялапты. Америкада тұратын Аарон Червенак есімді жігіт аталмыш шараны өткізуге Лас-Вегастағы шіркеу қызметкерлерін қоймай жүріп көндіріпті. Ол бұл ерсілеу қадамын өзінің смартфонға қаншалықты тәуелді екенін, сонымен таң атырып, күн батыратынын, ұйықтағанда да қасына алып жататынын жұртшылыққа жеткізу үшін жасайтынын айтқан. 01-07-16-organКүйеуінің ағзаларын алты адамға сатқан Қытайда бір әйел қайтыс болған британиялық күйеуінің ағзаларын беру арқылы алты адамның өмірін сақтап қалыпты. Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласында тұратын 49 жастағы Марк Теренс Осборн деген оқытушы кісі биылғы наурыз айында комаға түсіп, үш айдан соң қайтыс болады. Осыдан кейін Ван есімді қытайлық әйелі марқұмның Британияда тұратын бірінші әйелінен туған қызының келісімін алып, оның жүрегін, бауырын, екі бүйрегін, екі көзінің қарашығын трансплантацияға зәру қытайлық азаматтарға беру жөніндегі құжатқа қол қояды. Шетелдік ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды