03 Шілде, 2016

Қытай әлемді басқару құрылымына қатысуға дайын

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-07-16-si

Әлемнің тәртібі әлдеқандай бір мемлекеттің ықпалымен емес, ол халықаралық қауымдастықтың өзара келіскен іс-қимылы нәтижесінде қалыптасуға тиіс. Қытай компартиясының 95 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде партия орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин осылай деді. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытай жалпы әлемдік жүйені басқаруды жасауға белсенді түрде қатысып, бұл жүйенің жетілмеген жақтарын толықтыруға атсалысуға әзір. «Халықаралық тәртіп пен басқарудың кең ауқымды жүйесі әлем мен жұртқа пайда әкелуі тиіс, ал барлық елдер тұрғындарының иықтарына халықаралық тәртіп қандай болуы керек және қандай кең ауқымды басқару жүйесі пайда әкеледі деген міндеттер түсетін болады», - деп атап өтті Си Цзиньпин. «Біз күллі әлемнің жұрттарымен бірге әлемдік тәртіп пен басқарудың кең ауқымды жүйесі әділдік пен кемел ой бағытына қарай қалай қозғалуы керектігі жөнінде жұмыс жасайтын боламыз», - деді Қытай басшысы. Ол бүкіл әлем халықтарының мұны жасай алатынына сенім білдірді. Талғат РАЙЫМБЕК.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше