04 Шілде, 2016

Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49872" align="aligncenter" width="700"]04.07.2016 AST-6 Фото: facebook.com/astanaakimat/photos/pcb.1780806052206320/1780805538873038/?type=3&theater[/caption] Бүгін түнде Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Сағат 01.00-де елорданың №1 перинаталды орталығында Олжас және Арайлым Мұхамедьярдың отбасында қыз туды. Ол ата-анасының тұңғышы. Анасы - №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі, әкесі - «Астана-РЭК» кәсіпорнының маманы. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі Әсет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, оларға пәтер кілтін табыс етті. Ата-анасымен бірге тұратын жас отбасы үшін бұл нағыз тосын сый болды. Олар нәрестенің есімін Саида деп қойды. [caption id="attachment_49873" align="aligncenter" width="700"]04.07.2016 AST-7 Фото: facebook.com/astanaakimat/photos/pcb.1780806052206320/1780805538873038/?type=3&theater[/caption] Дастан КЕНЖАЛИН
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше