Фото: tengrinews.kz[/caption]
Президент әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімдерімен, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Испанов Ілияс Сапарбекұлы тағайындалды.
«Ақтөбе ақпарат» орталығының хабарлауынша, ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтының, Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебінің, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономист, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі мамандықтарында оқыған.
Еңбек жолын 1993 жылы «Ақ-Бастау» Сарыағаш филиалының бас есепшісі болып бастап, кейінгі жылдары Қаржы министрлігінің борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы, Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасы, Бас прокуратурасы қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы болып қызмет атқарған.
Ілияс Испанов Ақтөбе қаласы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Жоғарғы Соты соттар қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне жетекшілік етті. Ал қаланың бұрынғы әкімі Бекбол Сағын басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босады.
Аян ӘБДУӘЛИ

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше