05 Шілде, 2016

Корпорация басшысымен кездесті

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DA8_3077+Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев CNPC корпо­рация­сы директорлар кеңе­сінің төрағасы Ван Илинь­мен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қыз­меті. Кездесу барысында компа­нияның Қазақстандағы қазір­гі қызметінің мәселелері, со­ның ішінде Қашаған кен ор­нын­дағы жөндеу-қалпына келтіру жұ­­мыс­тарының жа­йы және Қа­зақ­стан газын Қы­тайға экс­порт­тау­дың перс­пек­тивалары тал­қы­ланды. Мемлекет басшысы CNPC Қазақстандағы ірі ин­вес­тор­лардың бірі бола отырып, екі ел арасындағы экономикалық ы­н­­ты­мақтастықты терең­детуге септігін тигізіп келе жат­қанын атап өтті. – 1997 жылдан бастап компания біздің экономикамызға 10 миллиард доллар инвестициялап, тағы 20 миллиард долларды мұнай кен орындарын барлау мен игеру, мұнай және газ құбырларын тарту ісіне жұмсады. Бұл – өте үл­кен инвестиция. Қазіргі кезде барлық мұнай компаниялары энергия ресурстарының әлем­дік бағасының төмен­деуіне байланысты туында­ған қиындықтарды бастан өт­ке­руде. Сондықтан, бұдан әрі жүзеге асыратын әре­кет­тері­мізді талқылайтын кез келді, – деді Нұрсұлтан Назар­баев. Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті CNPC корпора­ция­­сының басшысына Ас­тана­дағы Ұлттық би мен балет жо­ғары мектебінің құры­лы­сына атсалысқаны үшін алғыс айтты. Ван Илинь Мемлекет басшысына компания қызметін қолдап отырғаны үшін ризашылық біл­діріп, алдағы кезеңдегі жұмыс­тар­дың жоспары туралы хабардар етті.