05 Шілде, 2016

Үлкен белес

637 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Маденова Р.И.Қазақстанның ірі ұйымға мүше болуы туралы жаңалық қазақстандықтар арасында кең талқыланып жатыр. Осыған орай пікірін білмек болып, «Қазақстан корейлері ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтау филиалының төрайымы Райса Мәденованы сұхбатқа тартқан едік. Райса Иван­қызы, Қазақ­стан­ның Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Қауі­п­сіз­дік Кеңесіне тұ­рақ­­ты емес мүше­лік­­ке сай­лануын қа­лай бағалар едіңіз? – Біздің еліміз үшін бұл – биік белес, үлкен мәртебе. Өйткені, қан­­дай болмасын әлем­дік деңгейдегі биік­терден көрі­ну, халықаралық мәр­тебелі орын­дардан табылу – елі­міз­дің мерейін көтеруге, Қазақ­станды сыртқа таныта, мойындата түсуге ғана қызмет етеді. Бұл жаман ба? Бұл өз кезе­гінде Қазақстанның тәуел­сіздігін нығайта түсуіне, өзге­лер­дің осы мемлекетпен сана­суы­на әсер ететін болады. Сон­дық­тан, әңгіме тұрақты мүше­лік пе, уақытша мүше­лік пе – онда емес, әңгіме Қазақ­стан­­ның бәсекелесінен оқ бойы озып шығып, осы ұйымға мүше болуында жатыр. Мен бұл жа­ңа­лықты Қазақстанның абыройын көтере түскен оқиға болды деп есеп­теймін. Мемлекетіміз халық­аралық жиындарға қатысып, сүй­кім­ді келбетімен танылып келе жатыр, бұл оқиғаны сол жетіс­тік­тердің, жаңалықтардың жалғасы, биік белестердің бірі деуге болады. Аталмыш ұйымның ма­ңы­зы қаншалықты және оған мүше болу Қазақстанға не береді? – Бұл ұйым – жаһандық қауіп­сіздік пен бей­біт­шілікті сақтауға өкі­леттенген ең маңызды саяси орган. Өз ұстанымында ұдайы бейбітшілікті насихаттап, әлем елдерін өзара ымырашылдыққа шақырып, татулық жолын ұстанып та, ұсынып та келе жатқан Қазақстан өз ұстанымының шынайылы­ғын дәлелдей алды және АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Фран­ция сияқты бес ірі тұрақты мүшесі бар, өзге он уақытша мүшесі бар іргелі ұйымға араласу арқылы бейбітшілік ұстанымын ауқымды көлемде айту, мүм­кін­дігінше жүзеге асыру тетігіне қол жеткізді. Экономика­лық қиын­­дық кезе­ңін­де, дәл қазіргідей әлем­ді түрлі жарылыстар дүм­пуі мен қырғиқабақ келіс­пеу­­шіліктер шыр­маған сәтте Қазақ­стан үшін алға ұмтылу, алып елдермен тізгіндес болу маңыз­ды. Кім екеніңді ешкім танымай­тын, айтар сөзі жоқ бұйығы мем­ле­кетпен ешкім санаспайды да, ешкім елемейді де. Мұндай жағ­дай­да тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупі де жоғары. Сон­дық­тан, Қазақстанның Орталық Азия мем­лекеттері арасынан алғаш­қы болып және Азия-Тынық мұхиты елдері тобынан үздік шығып, екі жыл мерзімге атал­мыш ұйымға мү­ше­лікке сайланғанына қуануымыз керек. 138 мем­ле­кет­­тің Қазақстанды қол­да­ға­нын, бәсе­келес болған Таи­ланд Король­дігі үшін тек 50-ден астам мемлекеттің дауыс бер­генін біліп отырмыз. Еліміздің Сырт­қы істер министрі Ерлан Ыды­рысов­тың «Бүгінгі нәтиже – Қазақ­­стан­ның және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұл­ғасы­­ның ха­лықаралық деңгейдегі биік беде­лі­нің, оның жаһандық және өңір­лік мәселелерді рет­теуге, ядро­лық қару­сыздану мен таратпау мәсе­ле­лерін ілгерілетуге қосқан бірегей үлесінің жарқын айғағы» деуі – дұрыс берілген баға. 2017 жылы өзі мүшелік қызметіне кірі­сетін елі­мізге сәттілік тілейміз және түрлі ұлт­тардың тату-тәтті ор­да­сына ай­налған Қазақстанның бей­бітші­лікті сақтау бағытындағы ұс­­танымы өз­ге­лерге сабақ болса екен деп тілеймін. Рахмет. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»  Маңғыстау облысы