Қостанай өңірінде балықшылар торуылдайтын көлдер жеткілікті. Алтынсарин ауданындағы Цыган көлінен де демалыстың осы түрін ұнататындар олжасыз қайтпайды. Кәнігі балықшылардың бірі Александр Шибанов олжасына өзі таңғалды. Оның қармағына түскен мөңке балықтың басы балықтан гөрі торғайға көбірек ұқсайды.
– Мен бала кезімнен балық аулаймын. Алпыс жылға жақын уақыт ішінде қармағыма қандай балық түспеді дейсіз. 6 килограмм шортан, 1,5 килограмм тартатын мөңке балық ұстаған кездерім болды. Бірақ қармағыма қандай ірі балық ілінгенде де дәл бұлай таңғалмаған едім, – деп ағынан жарылды балықшы А.Шибанов. Алайда ол балықтың торғайға ұқсаған тұмсығын жаратылыстың «қателігі» деп отырған жоқ.
– Мөңке балық бұрын қармаққа ілініп қалып, жұлқынғанда қайта шығып кеткен болуы керек. Содан қармақ қауып, зақымданған ауызы қисық өскенде, торғайдың тұмсығына ұқсап кеткен ғой, – деп түсіндірді балықшы.
Осы сапарында балықшының қармағына «торғай» балықтан басқа ештеңе түспепті. Ауа райы қолайсыз кезде балық қармақ қаппайды. Әншейінде шелектеп балық аулайтын Александр бұл жолы өкінген жоқ, оған «торғай» балықтың қызығы да жетіп-артылды. Қостанайға келген соң ол жақын туыстары мен достарына, көрші-көлеміне көрсетіп, жұртты да мәз қылды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50