05 Шілде, 2016

Директор міндетін атқарушы тағайындалды

841 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директорының міндетін атқарушы болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды. Ол Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің журналис­ти­ка факультетін және Қа­зақ гуманитарлық заң уни­верситетін бітірген. Содан соң «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС тілшісі, «Қазақтелеком» АҚ президентінің кеңесшісі, департамент директоры, «Кор­поративтік сату ди­рек­циясы» филиалының бас директоры болып жұ­мыс істеген. Бұдан кейін «TNS-Phus» ЖШС, «2 Day Telekom» ЖШС бас директоры, «Altyntau Resources» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап «Қазмедиа орталығы» басқарушы ком­па­ниясы» ЖШС бас ди­рек­торының орынбасары болды. «Егемен-ақпарат»