2016 жылғы 1 шілдеде болған Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының
орнына сайлау қорытындылары туралы хабар
2016 жылғы 1 шілдеде Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының Алматы облысында болды деп танылғанын хабарлайды.
2 кандидат дауысқа түсті.
334 таңдаушыдан дауыс беруге 324 немесе таңдаушылардың жалпы санынан 97,01 пайызы дауыс беруге қатысты.
Берілген сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 1 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевқа 288 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 88,89 пайызы берілді;
Ермек Тоқтарбекұлы Мұжиқовқа 35 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 10,80 пайызы берілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып 1971 жылы туған, Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі, Алматы облысы Қарабұлақ ауылында тұратын, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев сайланды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы