05 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы № 16/22

583 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
2011 жылғы 4 ақпан, Астана қаласы 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-ба­бы­ның 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық за­ңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-бап­тарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 5 ақпаннан басталады және 2011 жылғы 20 ақпанда аяқталады; Қазақстан Республикасының Президенттiгіне канди­даттарды тіркеу кандидаттар «Қа­зақстан Республи­ка­сындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Консти­туциялық заңына сәйкес барлық қажетті құжат­тарды ұсынғаннан кейін басталады және 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады деп белгіленсін. 2. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Рес­публикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін. 3. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға            Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Хатшы           Б.МЕЛДЕШОВ. ___________________________ Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының  2011 жылғы 4 ақпандағы № 16/22 қаулысымен бекітілген 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары 1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну. Республикалық қоғамдық бірлестік­тер­дің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен. Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2011 жылғы 5 ақпаннан баста­ла­ды және 2011 жылғы 20 ақпанда аяқталады. (55-б.) 2. Кандидаттың назарына оның Қа­зақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу. Республикалық қоғамдық бірлестіктер­дің жоғары органдары. (55-б. 2-т., 3-т. 1) т-ша) 3. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны туралы шешімді оның дауысқа түсуге келісім беруі жөніндегі өтінішімен қоса Орталық сайлау комиссиясына ұсыну. Республикалық қоғамдық бірлестіктер­дің жоғары органдары, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенттігіне кандидаттар. (55-б. 2-т., 3-т. 2) т-ша) 4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-ба­бы­ның 2, 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында және «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. Орталық сайлау комиссиясы. Азаматтың өзін-өзі ұсыну туралы өті­нішін немесе республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының кан­дидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісін кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса тап­сырған кезден бастап бес күн ішінде. (54-б.) 5. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау. Тиісті әкімдер. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн­нен – 2011 жылғы 11 ақпаннан кешіктірмей. (17-б. 2-т., 23-б.) 6. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құра­мын жариялау. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн­нен – 2011 жылғы 14 ақпаннан ке­шік­тірмей. (13-б. 4-т.) 7. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін жасау. Тиісті әкімдер. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2011 жылғы 13 наурызда аяқталады. (24-б. 1, 5-т.т.) 8. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тапсыру. Тиісті әкімдер. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2011 жылғы 13 наурыз. (24-б. 5-т.) 9. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. Аумақтық сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап. (14 б. 2-1) т-ша) 10. Қол қою парақтарын беру. Орталық сайлау комиссиясы. Кандидаттың Қазақстан Республи­ка­сы­ның Конституциясында және «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау тура­лы» Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық заңында қойылған талап­тарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бескүндік мерзімнен кешіктірмей. (56-б. 3-т.) 11. Тиісті телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзімді баспасөз басылымының редакциясы тіркелген Қазақстан Респуб­ли­касының Президенттігіне кандидат­тар­ға эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі. Қазақстан Республикасы Байланыс жә­не ақпарат министрлігі. Бұқаралық ақпарат құралдары. Сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейінгі он­ыншы күннен – 2011 жылғы 14 ақпаннан кешіктірмей. (28-б. 3-т.) 12. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметі қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу. Облыстық, Астана және Алматы қа­ла­лық сайлау комиссиялары. Қазақстан Республикасы Әділет ми­нистр­лігінің және Қазақстан Республи­касы Ішкі істер министрлігінің аумақ­тық қызметтері. Қол қою парақтарын тапсырған күннен бастап онкүндік мерзімде. (56-б. 7-т.) 13. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 ақпанға Қа­зақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларациялар тапсыру. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидатты тіркегенге дейін. (59-б. 2-т.) 14. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. Орталық сайлау комиссиясы. Кандидаттар барлық қажетті құжаттар­ды тапсырғаннан кейін басталады және 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады. (59-б. 4-т., 7-т. 2) т-ша) 15. Президенттікке кандидаттардың сай­лау қорларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тіркеу. Қазақстан Республикасының Прези­дент­тігіне кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары. Президенттікке кандидат Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссия­сында өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 ж. 19.08. № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.) 16. Президенттікке кандидаттардың сай­лау қорларының арнаулы уақытша шот­тарын ашу. Орталық сайлау комиссиясы. Кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.) 17. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Орталық сайлау комиссиясы. Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей. (59-б. 7-т. 1) т-ша) 18. Кандидат пен оның жұбайы (за­йы­бы) жариялаған табысы және мүлкі ту­ралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде. (59-б. 2-т.) 19. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. Тіркеу мерзімі аяқталған кезден бас­та­лып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл са­ғатта аяқталады (2011 жылғы 3 нау­рыз­да басталады және 1 сәуірде сағат 24-те аяқталады). (27-б. 2-т.) 20. Үгіттік баспа материалдарын орна­лас­тыру үшін орындар белгілеу және олар­ды жабдықтау. Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін – 2011 жылғы 4 ақпаннан бастап 2011 жылғы 2 наурызға дейін. (28-б. 6-т.) 21. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сай­лаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялау. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау алдындағы үгітке дайындық ба­рысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б. 4-т.) 22. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министр­лігінің ұсынуы бойынша. Ұсыным келіп түскен кезден басталып, дауыс беру күнінен бес күн бұрын – 2011 жылғы 28 наурызда аяқталады. (20–1-б. 2-т.) 23. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беретін күнге он бес күн қал­ған­да – 2011 жылғы 18 наурыздан кешіктірмей. (26-б. 1-т.) 24. Сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету. Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге он күн қал­ғаннан – 2011 жылғы 23 наурыз­дан кешіктірмей. (38-б. 2-т.) 25. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қа­жет болса, дауыс беруді бастау мен аяқ­тау­дың өзге уақытын белгілеу және ол ту­ралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу. Аумақтық сайлау комиссиялары. (38-б. 1-т.) 26. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын – 2011 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей. (37-б. 3-т.) 27. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау. Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын. (2011 жылғы 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де) (40-б. 1-т.) 28. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу. Учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау күні, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, 2011 жылғы 3 сәуірде, жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін. (38-б. 1-т., 42-б.) 29. Қазақстан Республикасының Прези­ден­­тін сайлау кезіндегі дауыстарды санау жә­не дауыстарды санау туралы хаттаманы жасау. Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, 2011 жылғы 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат жиырмада бас­та­лады және дауыстарды санау бас­тал­ғаннан кейінгі он екі сағаттан асыр­май жүргізіледі. (43-б.) 30. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлау учаскелерінде дауыс берудің нәтижелері туралы хаттаманы аудандық, қаладағы аудандық, қалалық сайлау комиссияларына тапсыру. Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалған соң – дереу. (18-б. 8) т-ша, 43-б.) 31. Хаттаманың көшірмесін жалпы­жұрт­тың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу. Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттама толтырылып болған соң – дереу. (43-б. 8-т.) 32. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде ауданда, қаладағы ауданда, қалада дауыстарды санаудың нә­ти­желерін анықтау, тиісті хаттаманы жасау және оны облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссиясына тапсыру. Аудандық, қаладағы аудандық, қалалық сайлау комиссиялары. Хаттама толтырылып болған соң – дереу. (62-б. 1-т.) 33. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде облыста, Астана және Алматы қалаларында дауыстарды санаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттаманы жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру. Облыстық, Астана және Алматы қала­лық сайлау комиссиялары. Хаттама жасалған күннен бастап екі­күн­дік мерзімнен асырмай – 2011 жыл­ғы 5 сәуірден кешіктірмей жолданады. (62-б. 1-т.) 34. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындыларын анықтау. Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілгеннен кейін жетікүндік мерзімнен – 2011 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей. (12-б. 10) т-ша, 44-б. 1, 3-т.т., 65-б. 1-т.) 35. Сайланған Қазақстан Республика­сы­ның Президентін тіркеу. Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті­күн­дік мерзімде – 2011 жылғы 9 сәу­ірден кешіктірмей. (45-б., 66-б. 1-т.) 36. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы ха­барды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 2011 жылғы 12 сәуірден кешіктірмей. (12-б. 10) т-ша, 44-б. 4-т. 1) т-ша) 37. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау қорытындылары жарияланған күн­нен бастап он күннен – 2011 жыл­ғы 22 сәуірден кешіктірмей. (34-б. 4-т.) __________ Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәті­нінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық заңының нормаларына сіл­темелер берілді.