Аймақтар • Бүгін, 18:18

Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында енесін өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айып тағылған. 

Бұл оқиға Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылында 2025 жылғы мамырда болған. К. деген ер адам 1942 жылғы анасына күтім жасау үшін әйелін ауылға алып келген. Алайда әйелі Ж. күйеуінің бұл әрекетімен келіспей, соңы жанжалға ұласқан.

«2025 жылдың 27 мамырында күйеуінің жоқтығын пайдаланып, Ж. дәрменсіз енесінің бас ас үй пышағымен 4-5 рет соққы жасаған. Жәбірленуші аудандық ауруханада қайтыс болды. Кешенді сараптамаға сәйкес, 1986 жылғы Ж.-ның созылмалы психикалық дертке шалдыққаны анықталған. Оған параноидты шизофрения диагнозы қойылған. Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама нәтижелерімен толық расталған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор Ж.-ға қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханада мәжбүрлі емдеу тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың мәжбүрлеп емдеу туралы ұстанымын қолдады.

Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды

«Сот Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген әрекетті Ж. есi дұрыс емес күйде жасағанын анықтады. Аталған кодекстің 16-бабына сәйкес ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Сот қаулысымен Ж.-ға қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханада медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды», деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?

Соңғы жаңалықтар