05 Шілде, 2016

Астанада шахматтан халықаралық турнирі өтеді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_50099" align="aligncenter" width="700"]05.07.2016 AST Фото: astana-chessclub.kz[/caption] Астанада шахматтан Хәкім Омаровтың атындағы халықаралық турнир өтеді. Оған 300-ден астам шахматшылар қатысады. Турнирдің жүлде қоры – 3 млн. теңге. «Турнир 1977 жылы Целиноград қаласында шахмат клубының ашылуына ұйытқы болған Хәкім Омаровтың атында өткізіледі. Бұл кісі қаламызда шахмат ойынының негізін қалаған. Қазір Астанадағы шахмат клубы соның атымен аталады. Турнирді қала әкімдігі, қалалық спорт және денешынықтыру істері басқармасы, Қазақстан шахмат федерациясы мен «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырып отыр», деді Шахмат клубының директоры Айсұлу Серікқызы. Оның айтуынша, ала тақта үстінде өтетін сынға еліміздің және Ресей, Армания, Украина мен Беларусьтің шахматшылары қатысады. Турнир «Алау» спорт кешенінде 11 – 19 шілде аралығында өтеді. Дастан КЕНЖАЛИН
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше