05 Шілде, 2016

Алматыда мұз сарайының құрылысы аяқталды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_50112" align="aligncenter" width="700"]160705-arena 1 Фото: almaty.gov.kz[/caption] Астана күнін тойлау қарсаңында Алатау ауданындағы 2017 жылғы Универсиаданың орталық нысаны саналатын 12 мың орындық мұз сарайының құрылысы аяқталды. Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, аталған спорттық нысан мерзімінен 3 ай ерте пайдалануға беріліп отыр. Спорт кешенінің айналасын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары да аяқталып келеді. Іргелес аумақ, шаһардың бірыңғай жобасы бойынша ұлттық нақышта көмкерілген. Осы жылдың ақпан айындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Универсиада бойынша Алматы белсенділерімен кездесуінде ірі спорттық шараны өткізу мен болашақта бұл спорттық нысандардың барлығының халыққа қолжетімді болуы керектігіне назар аударған.   [caption id="attachment_50114" align="aligncenter" width="700"]160705-arena 2 Фото: almaty.gov.kz[/caption] Жаңа салынған мұз сарайында шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан, шорт-тректен оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге болады. Мәдени шаралар үшін халықтың мұз айдынында бұқаралық сырғанақ жарысын да ұйымдастыруға болады. Кешен – 12 мың орындық мұз айдыны, сауықтыру кешені бар жаттығу айдыны және жүзу бассейні сияқты үш бөліктен тұрады. Жоспар бойынша, Универсиада нысандарының барлығы уақытында пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда Алатау ауданында орналасқан 5 мың орындық атлеттер қалашығы мен Медеу ауданындағы 3 мың орындық мұз аренасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Алматы қаласындағы халықаралық қысқы студенттер ойыны 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. Оған 60-тан астам елден 2000 спортшы келеді. Жарысқа 3 мың ерікті жұмылдырылмақ. Сайыстар 8 спорттық нысанда, 12 спорт түрінен өтеді. Талғат СҮЙІНБАЙ