05 Шілде, 2016

Қазақстан теңіз академиясының тұңғыш түлектері (фото)

945 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
160705-teniz 6 Осыдан үш жыл бұрын Алматыда Қазақстан теңіз флоты үшін әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандар даярлауға рұқсат ретінде үш рет қатарынан дәстүрлі кеме қоңырауы соғылған-ды. Енді міне, Алматы қаласында 4 жылдық оқу бағдарламасын тәмамдап, бакалавр дәрежесін алған Қазақстан теңіз академиясының  алғашқы 16 кадетіне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Рәсімге еліміздің мемлекеттік органдары, оқу орындары, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі акционерлері, мүдделі тараптар және БАҚ өкілдері қатысты. 160705-teniz 4 Қазақстан теңіз академиясы 2012 жылы Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша теңіздегі мұнайгаз кен алаңдарын игеруді қолдау және дәстүрлі мұнайгаз секторынан тыс Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында құрылған. 160705-teniz 2 Қазақстан теңіз академиясы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тікелей қолдауымен құрылып, оған Қазақ-Британ техникалық университеті серіктес болды. Қазақстан теңіз академиясының халықаралық серіктестігіне теңіз білімі саласындағы конгломерат – STC-Group (Нидерланд) компаниясы шақырылды. «Шеврон Шиппинг» компаниясы кадеттердің халықаралық деңгейдегі заманауи кемелерде тәжірибеден өтуіне кәсіби тұрғыда қолдау көрсетіп, тәжірибе сабақтарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, академияның алты түлегін тағылымгер ретінде қабылдады. 160705-teniz 3 «Теңізшевройл» кәсіпорны атынан академия түлектерін оқуды бітіруімен құттықтаймын! Өз бойларыңдағы мақсаткерліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы арқасында сіздер теңіз тасымалы саласында халықаралық тұрғыда мойындалған қазақстандық маман боласыздар, – деді бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер. 160705-teniz 5 Қазіргі таңда 84 кадет Қазақстан теңіз академиясында білім алуда. «Қазақстан теңіз академиясы мен үшін жаңа өмір ашты, ол – теңіз өмірі», – деп атап өтті Қазақстан теңіз академиясының кадеті Арайлым Бекова. 160705-teniz 1 «Теңізшевройл» Инвестициялар және даму министрлігіне теңізшілерді даярлау, аттестациядан өткізу және вахталық әдісті енгізу туралы халықаралық конвенция талаптары мен шарттарына сай екендігін дәлелдеу шаралары бойынша көмек беруді жалғастырып келеді. Бұл Қазақстан теңізшілеріне Қазақстан Республикасының аумақтық суларынан тыс сапарларға да шығуға мүмкіндік береді. Айнаш ЕСАЛИ