* Ақ тілектер ағыны
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне орай шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан құттықтаулар келгені туралы хабарлады.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз құттықтауында екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне баға жетпейтінін айтты. Сондай-ақ, ол Елбасының Еуразия кеңістігіндегі тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.
«ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді. Сізбен достық қарым-қатынасымыздың және Ресей-Қазақстан байланыстарының бүкіл ауқымын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен сындарлы жұмыстардың жалғасатынына сенемін», – делінген хатта.
В.Путин Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақыт және мемлекеттік қызметте жаңа табыстар тіледі.
* * *
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына қажырлы қызметі елдегі жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістердің табысты болуының кепілі екенін атап өтті.
«Сіздің бастамаларыңыздың арқасында Қазақстан интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелерінде де, әлемдік аренада да қуатты, серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде беделге ие болып отыр. Беларусь пен Қазақстан арасындағы жоғары деңгейдегі дәстүрлі үнқатысудың жалғасуы елдеріміздің бақ-берекесін арттыру жолындағы жемісті ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
А.Лукашенко Елбасына мықты денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ, барлық ойлары мен бастамаларының жүзеге асуына тілектестігін білдірді.
* * *
Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, елдеріміздің одақтастық қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестігін нығайту ісіндегі Қазақстан Президентінің еңбегі Қырғызстанда жоғары бағаланатынын атап өтті.
«Қырғыз-қазақ өзара тиімді ынтымақтастығын барлық мәселелер бойынша одан әрі дамыту бауырлас елдердің өмірлік мүдделеріне сай деп есептеймін», – делінген жеделхатта.
А.Атамбаев Мемлекет басшысына зор денсаулық пен игілік тілеп, мемлекеттік қызметте зор табыстарға жетуіне тілектестік білдірді.
* * *
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Елбасының туған күніне орай игі тілектерін жолдай отырып, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық дамуда және әлемдік аренадағы беделін нығайту ісінде елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.
«Біз бірлескен күш-жігеріміз арқылы тәжік-қазақ ынтымақтастығының барлық бағытын халқымыздың түпкі мүдделеріне толық сай келетін екіжақты негізде де, көпжақты байланыстар платформасында да одан әрі тиімді жалғастыра беретінімізге сенім білдіремін», – делінген жеделхатта.
Э.Рахмон Мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа белестер бағындыруды тіледі.
* * *
Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, елдерімізді байланыстыратын одақтастық пен стратегиялық серіктестік қатынастарды дамытудағы еңбегі зор екенін атап өтті.
«Сіз өнеркәсіптегі, инфрақұрылымдағы және энергетикадағы өзара тиімді, перспективалы жобаларды іске асыруға, өңіраралық және іскерлік байланыстарды кеңейтуге ұдайы назар аударасыз. Ресей мен Қазақстан үкіметтерінің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен белсенді жұмысы кәсіпорындар мен ұлттық экономика салалары үшін елеулі серпін беріп, Одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының әл-ауқатының артуына ықпал ететініне сенімдімін», – делінген хатта.
Д.Медведев Мемлекет басшысына денсаулық пен бақ-береке тіледі.
* * *
Башқұртстан Республикасының басшысы Рүстем Хамитов құттықтауында екі ел халқының арасындағы көп ғасырлық достық Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Р.Хамитов Қазақстан Президентінің барша ауқымды бастамаларының жемісті іске асуына және Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді.
* * *
Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-бек Евкуровтың құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше қасиеті мен жасампаз энергиясы Қазақстанды дамыту мен гүлдендіруге бағытталған нақты істерде айқын көрініс тапқаны атап өтілген.
«Халықтарымыздың арасындағы дәстүрлі бауырластық әрі достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту ісіне қосқан Сіздің үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық, бақ-береке тілеймін», – делінген хатта.
* * *
Дағыстан Республикасының басшысы Рамазан Абдулатипов Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның Қазақстан Президенті лауазымындағы жемісті қызметі, қазақ халқының игілігі жолындағы қажырлы еңбегі лайықты бедел мен құрметке жеткізгенін атап өтеді.
«Сіздің басшылығыңызбен экономика мен әлеуметтік саладағы өзгерістер табысты жүзеге асырылуда. Ресей мен Қазақстанның халықтарын өзара ықпалдастықтың бай тәжірибесіне негізделген берік бауырластық, достық және тату көршілік тарихи қарым-қатынастар байланыстырады. Уақыт сынынан өткен осы достық пен ынтымақтастық алдағы кезде де нығайып, дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Р.Абдулатипов Мемлекет басшысына денсаулық, бақ-береке және елдің игілігі жолындағы көпқырлы қызметіне табыс тіледі.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17