06 Шілде, 2016

Қымбатты қазақстандықтар!

417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
100-824Қазақстан хал­қы Ассам­б­лея­­сы сіздерді Астана кү­ні­мен шын жү­ректен құттық­тай­ды! Ел тәуел­сіз­ді­гінің тарихында ай­қын­далған бұл мереке – елордамыздың бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасының Прези­денті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса маңызды стратегиялық жобаларының бірі. Астана күні мерекесі қазақ­стан­дықтардың жүрегінің төрінен орын алатын ерекше күн. Біз  еліміздің тәуелсіздік жылдарында,  күнделікті, тынымсыз еңбегімен шыққан ең биік белестері мен қол жеткізген жарқын табыстарын Астана атымен байланыстырамыз. Тәуелсіздік пен Астана – біз үшін екі қасиетті ұғым, халқымыздың мақтанышы мен жетістігі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «оның жаңа кө­ше­лерінде, алаңдарында, саябақтары мен ғажайып сәулет туындыларында біздің тәуелсіздігіміздің ұлы тарихы ай­надағыдай бейнеленген». Тәуелсіздік пен Астананың бір-бірінен ажырағысыз да терең байланысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2016 жылғы сәуір айында өткен XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінде көрініс тапты. Астана – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жарқын символы, болашағы бір елдің астанасы. Тәуелсіздіктің  25 жылдығын той­лағалы отырған Қазақстан халқы үшін Астана халықтың арманындағы қаладан нақты жетістігі мен жеңісі бар өркениетті қалаға айналды. Астанада барша елдің үміті мен армандары жүзеге асады, ол еліміз­дің даму қарқынының көрсеткіші. Астана қазақ­стандық жолдың биік стан­дарттарын айқындайды. Осынау мереке күні Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы әрбір отбасына бақ пен береке, бірлік пен татулық, елдің еңселі елордасына өркендеу тілейді! Жас астанамыз жүрегіміздегі жаңа­рудың, Қазақстан халқының болашаққа деген нық сенімі мен таусылмас жасампаз күшінің символы болсын! Біз сені аялаймыз, Астана! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше