Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына орай, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Естеріңізге сала кетсек, маусым айының соңғы күндерінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс берудің нәтижесінде Қазақстан 193 мемлекеттің ішінен 138 елдің дауысына ие болып, жеңіске жеткен болатын.
Министр брифингте әлем елдерінің осындай сенімін арқалау себебіміз бен осы жолдағы табандылыққа толы еңбегімізді және болашаққа құрылған жоспар-жобаларымыз жайында кеңірек баяндады. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын отандық дипломатиямыз бен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен жеңісі екендігін ерекше атап өткен министр, мұның Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі ең үлкен жетістіктерінің бірі екеніне тоқталды. «Ендігі жерде Қазақстан өз қызметін БҰҰ аясында жер дүниенің дамуы мен бейбітшілігінің сақталуына өз үлесін қосатын болады. Қазақстандық дипломатия үшін бұл үлкен сынақ және зор мүмкіндік», деді ол.
Жалпы, халықаралық тұрақтылықтың сақталуы мен әлемде бейбітшілікті ту етіп, мамыражай тіршілік етуге үндейтін Қазақстанның ұстанымы берік әрі шынайы. Сондықтан да терроризмге қарсы күрес пен жер жаһанда жаппай белең алған берекесіздікті тыюда, тыныштықты сақтау мен өзге де қауіп-қатерлерге қарсы қимыл-қозғалыста біздің Елбасымыз бірқатар игі істердің бастамашысына айналып отыр. Ал мұндай мәселелер БҰҰ-ның басты қағидалары болып табылады. Ендеше, бұл мүшелікті Қазақстанның халықаралық ұйымдар алдында ұсынған бағыт-бағдары мен бейбітшілік сүйгіш халқының әлем жұртшылығына деген айқын көзқарасының кілті деуге толық негіз бар. Осы жолда біздің ел БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен әріптестігін жаңа деңгейге көтеріп, бұрын-соңды байланыс болмаған елдермен жаңа қарым-қатынас орнатады деп күтілуде. Атап айтқанда, субэкваторлық Африка мен Латын Америкасы және Кариб бассейні маңындағы мемлекеттермен алыс-беріс пен барыс-келістің іргетасы қаланбақ. Олай болса, алдағы екі жылда Қазақстанның негізгі жұмыстары қандай болмақ? Осы тақырып төңірегінде ой қозғаған министр сыртқы саясатымызға қатысты салада былай деді: «Ең алдымен атап айтқымыз келетіні, 2017-18 жылдары халықаралық шеңберде Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында мәлімдеген «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде айтылған терроризмге қарсы шаралар мен антиядролық және антитеррористік бастамаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД аясында жалпыадамзаттық құндылықтар мен бастамаларды ізгі идеялармен қамтамасыз ету көзделуде».
Бұдан бөлек, біздің елге Еуразия кеңістігіндегі қалыптасқан дау-жанжалдарды шешудің тиімді жолдарын табу да жүктеліп отырғаны айтылды. «БҰҰ-ның Орталық Азиядағы проблемаларды шешуде Қазақстанға басымдық беруі – өңірлік қауіпсіздік саласы мен лаңкестікпен күресте, экстремизм мен экономикалық проблемаларды оңтайландыруда және жаһандық серіктестікті нығайтып, өндірістік қамтамасыз ету әрекеттерінде еңбегіміз елді елең еткізерліктей болғандығынан», деді Ерлан Әбілфайызұлы.
Бақсақ, мұндай әрекеттер Қазақстан мен оның Президентінің Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі кезеңдерде ажырамас темірқазығына айналған екен. Ендеше, ілуде бір бұйыратын осындай халықаралық мінберді пайдалана отырып, Қазақстанды ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, тіршілігі татулыққа негізделген, бейбітсүйгіш ел ретінде әлемге паш етсек, оның несі айып?!.
Қауіпсіздік Кеңесіне жетекшілік еткенде қолға алатын жұмысымыздың келесі бір бағыты – алпауыт елдер арасындағы түрлі түсінбеушіліктер мен кикілжіңдер түйінін тарқатуға үндей отырып, оларды татуластыру. Соның ішінде Еуразия құрлығындағы Қазақстанның ұстанған ұлттық бағыт-бағдарын өзгелерге ұқтыру арқылы өзіміздің мүдде, мақсаттарымызды қорғау назардан тыс қалмақ емес. Осылайша, Орталық Азиядағы террористік, экстремисттік және экономикалық түйіндер мен осы тақылеттес мәселелерді шешуге әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару болмақ. Одан кейін әлем елдерінің мемлекеттері арасында энергетикалық, ядролық қауіпсіздікті кеңінен насихаттай отырып, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен өнімділікті арттыру бағытындағы байланысты дамыту көзделеді. Сонымен қатар, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жүйесін қалыптастыру да Қазақстан тарапынан ұйымға мүше мемлекеттер назарына ұсынылады.
Брифинг соңына қарай, министр әдеттегідей БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Бұл ретте Қазақстанның халықаралық ұйымға жетекшілік етуінің астарында Мемлекет басшысының туыс Түркия елі мен көрші Ресей арасындағы қарым-қатынастың қайта жандануын жаңаша деңгейге көтеретіндігінен көп елдер үмітті екендігін жеткізді.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қоғам • Бүгін, 22:43
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20