08 Шілде, 2016

Ізгі тілек жеткізген жеделхат

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай Украина Президенті Петр Порошенко құттықтау жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке тілеп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табысты болуына ниеттестігін жеткізген. Украина Президенті Қазақстан тарапы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі биік мәртебелі қызметі аясында Ук­раина төңірегіндегі ахуалды реттеу, сон­дай-ақ, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне елеу­лі үлес қосатынына сенім біл­діреді. Сондай-ақ, П.Порошенко Ук­раи­на Қазақстанмен арадағы өзара тиімді көпқырлы ынтымақ­тас­тығын екі елдің игілігі жолында жалғастыра беретінін айтқан.