08 Шілде, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. В.Путин Нұрсұлтан Назар­баевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, игілік және жұмысына табыс тіледі. Телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресей Президенті Елбасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мү­ше­лігі сайлауындағы жеңісімен құт­тықтады. Екі ел басшылары екіжақты ын­­тымақтастық мәселелерін тал­қы­лады. Телефон арқылы сөйлесуге Ре­сей жағы бастамашы болды.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше