Полиция қызметкеріне асыранды төбетті айтақтағаны несі?!
Жақында Жезқазған қаласында үш полиция қызметкері қоғамдық орынның шырқын бұзғаны үшін екі жұмыссыз еркекті тәртіпке шақырған. Тәртіп сақшылары бала-шағаның көзінше арақ ішіп, балағат сөз айтып отырған екеуінің үстінен әкімшілік хаттама толтыра бастайды. Міне, сол кезде әлгі екеудің бірі полиция қызметкерлеріне ротвейлер тұқымды тайыншадай төбетті айтақтап қосқан. Егер де тәртіп сақшысының бірі тапаншасын суырып алып оқ атпағанда, қабаған иттің қандай іс қылары бір құдайға ғана аян еді.
Әлбетте, қорқыту үшін атқан оқтан ит зардап шеккен жоқ. Есесіне, итті айтақтап қосқан иесінің енді басына қара бұлт үйірілері сөзсіз. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодексінің 379-бабының 1-тармақшасы бойынша («Билік өкіліне бағынбау») қылмыстық іс қозғалды. Егер де күдіктінің кінәсі дәлелденер болса, онда оған 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не ол 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, болмаса 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше