11 Шілде, 2016

Футбол. «Қайрат» өз алаңында «Тобылдан» басым түсті (видео)

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_50714" align="aligncenter" width="700"]110716-kairat fc Фото: vk.com[/caption] Футболдан Қазақстан премьер-лигасы 20-турының ойындары ойналды. Алматының «Қайраты» өз алаңында Қостанайдың «Тобылынан» басым түсті. «Қайрат» (Алматы) – «Тобыл» (Қостанай) 3:2 (0:0) Голдар: Бауыржан Исламхан 49, Исламбек Қуат 60, Исаэль Барбоза 72 – Артурас Жулпа 68, Сергей Хижниченко 76. Алматының орталық стадионында өткен кездесуде жергілікті «Қайрат» «Тобыл» командасын жеңіп, кезекті үш ұпайына қол жеткізді. Матчтың алғашқы таймында есеп өзгеріссіз 0:0 күйінде қалды. Алайда, келесі 45 минутта жанкүйерлер нағыз тартысты ойынның куәсі болды. Алма кезек шабуылдардың арқасында барлығы бес гол соғылды. «Қайраттан» команда капитаны Бауыржан Исламхан 49-минутта есеп ашса, араға он бір минут салып, Исламбек Қуат «Тобылға» екінші допты тоғытты. Ал қонақтардан Артурас Жулпа мергендігімен көзге түсіп, жанкүйерлеріне үміт сыйлағандай болып еді, бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Себебі, Исаэль Барбоза 72-минутта үшінші голды соқты. «Тобылға» биылғы маусымда ауысып келген Сергей Хижниченко араға төрт минут салып есеп санын қысқартқан. Осыдан кейін қос команда бірқатар шабуыл жасаса да, есеп өзгеріссіз қалды. «Ақжайық» (Орал) – «Астана» (Астана) 1:5 (1:3) Голдар: Предраг Говедарица 20 – Азат Нұрғалиев 2, 91, Кабананга Жуниор 22, Асхат Тағыберген 44, Серікжан Мұжықов 64. «Тараз» (Тараз) – «Ертіс» (Павлодар) 1:0 (1:0) Гол: Иоан Мера 40. «Шахтер» (Қарағанды) – «Ордабасы» (Шымкент) 0:0 «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:0 (0:0) Голдар: Әлібек Бөлешев 63, Жасұлан Молдақараев 91. Орындалмаған пенальти: Жасұлан Молдақараев 71. «Атырау» (Атырау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:1 (0:0) Голдар: Владимир Аржанов 53 – Никита Бочаров 86.

20-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі

[caption id="attachment_50713" align="aligncenter" width="698"]110716-KPL Фото: vk.com[/caption] Үздік сұрмергендер:
  1. Жерар Гоу («Қайрат») - 14 гол;
  2. Бауыржан Исламхан («Қайрат») - 11 гол;
  3. Душан Савич («Жетісу») - 10 гол;
21-турдың қарсыластар реті төмендегідей: «Жетісу» – «Ақжайық» «Астана» – «Атырау» «Тобыл» – «Оқжетпес» «Ордабасы» – «Тараз» «Ақтөбе» – «Шахтер» «Ертіс» – «Қайрат» Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше