Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 139 елдің арасында 39-шы орында.
2016 жылғы 6 шілдеде Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) әлемнің түрлі елдеріндегі желілік дайындық индексін анықтау бойынша зерттеу нәтижесі көрсетілген жыл сайынғы «Ақпараттық технологияларды дамыту бойынша жаһандық есепті» жариялады.
Биылғы жылы әлем елдері көрсеткіштердің төрт категориясы бойынша бағаланды:
- Технологияларды құру мен пайдалану үшін жалпы орта;
- АКТ-инфрақұрылымдардың қолжетімділігі тұрғысынан желілік әзірлік;
- Жаңа технологияларды үкіметтің, жеке сектордың және жеке тұлғалардың пайдалануы;
- Жаңа технологиялардың экономикалық және әлеуметтік ықпалы.