-
Үкімет 3200 жұмыскердің жалақысын субсидиялауды бастайды. Оны Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қанат қақты режімде жүргізеді. Шара қаржы жағдайы күрделі кәсіпорындардың жұмыскерлеріне қатысты жасалады. Бұл туралы вице-министр Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. - Тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу үшін 15 жыл ішінде 1,5 млн. пәтер салынады. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, бұл міндеттерге қол жеткізу мақсатында Елбасы несиеге берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамын бірыңғай оператор етіп белгілеген.
- Астанада жеңіл рельсті көлік жолының құрылысы басталады. Келесі айда құрылысы қолға алынатын бұл жұмыс елорданың мега жобасы болып табылады. Ал шойын жолдың құрылысы 2018 жылдың күзінде аяқталады. Ол заманауи жолаушыларды тасымалдау жүйесі Астана халықаралық әуежайы мен жаңа теміржол вокзалын байланыстыратын болады.
- Тараздың халықаралық әуежайында Ресей мен Тәжікстанға шығатын тұрақты рейс ашылды. Жамбыл облысының әкімдігінен хабарлағандай, «Ходжанд-Тараз-Ходжанд», «Сургут-Тараз-Сургут» атты алғашқы жолаушылар рейсі болды. «Сонымен бірге, биылғы жылдың 10 шілдесінен бастап «Нижневартовск-Тараз-Нижневартовск» және «Түмен-Тараз-Түмен» бағыттары бойынша тұрақты рейс ашылды», – делінген хабарламада.
- Атырауда бекіре тектес балықтың тұқымдық қоры жасақталуда. Бұл балық өсіру зауыттарының іркіліссіз жұмыс істеуі үшін керек. Мұнда бекіре, қортпа, шоқыр мен сүйрік балықтарынан қажетінше тұқым алуға болады.
- Жетім балалардың ортақ базасы құрылды. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға отбасы жылуын сыйламақ. Деректер базасында баланың жынысынан бастап, денсаулық жағдайы, мінезі, туыстарының бар-жоқтығы түгел көрсетіледі. Ақпаратта бала сауалнамасының нөмірі де көрсетіледі. Деректер банкі келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасайды.
- Заңсыз балық аулағандардан мемлекет пайдасына 60 млн. теңге өндірілді. Табиғат қорғаушылар Іле өзенін әуеден, судан және құрлықтан бақылауды қолға алды. Бірлескен шараның нәтижесінде жыл басынан бері 2 тоннадан астам балық, 20 шақырым Қытай аулары және ондаған моторлы қайық тәркіленген. Бұған қоса, балық аулаудың ең сорақы әдістерін қолданған 6 заң бұзушы ұсталды.
Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30