Осыдан үш жыл бұрын Алматыда Қазақстан теңіз флоты үшін әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандар даярлауға рұқсат ретінде үш рет қатарынан дәстүрлі кеме қоңырауы соғылған-ды. Осылайша Қазақстан теңіз академиясы (ҚТА) тұсауын кесіп, академия кадеттері қазақтың өндірдей ұл-қыздары екенін көргенбіз.
Жақында Қазақстан теңіз академиясының алғашқы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты келіп жетті. Оңтүстік шаһарда 4 жылдық оқу бағдарламасын тәмамдап, бакалавр дәрежесін алған алғашқы 16 кадет осылайша теңіздегі кәсіби қызметіне көшеді.
ҚТА 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша теңіздегі мұнай-газ кен алаңдарын игеруді қолдау және дәстүрлі мұнай-газ секторынан тыс Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында құрылғаны аян.
Сол кезде ҚТА «Теңізшевройл» ЖШС-нің тікелей қолдауымен құрылып, оған Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) серіктес болды. Қазақстан теңіз академиясының халықаралық серіктестігіне теңіз білімі саласындағы конгломерат – STC-Group (Нидерланд) компаниясы шақырылды. «Шеврон Шиппинг» компаниясы кадеттердің халықаралық деңгейдегі заманауи кемелерде тәжірибеден өтуіне кәсіби тұрғыда қолдау көрсетіп, тәжірибе сабақтарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, академияның алты түлегін стажер ретінде қабылдады.
– «Теңізшевройл» кәсіпорны атынан академия түлектерін оқуды бітіруімен құттықтаймын! Өз бойларындағы мақсаткерліктің, ел Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы арқасында сіздер теңіз тасымалы саласында халықаралық тұрғыда мойындалған қазақстандық маман боласыздар, – деді ТШО бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер.
Академия Норвегияның Kongsberg Maritime компаниясы шығарған ең озық навигациялық жүйесімен және айрықша жағдайларды ұқсату үшін пайдаланылатын құралдармен жабдықталған. ҚТА-ның ауқымды және ынталандыратын оқу үдерісі ағылшын тілінде жүргізіледі. Академия түлектері қазақстандық және шетелдік кемелерде әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасай алатын жоғары білікті мамандар тобын құрайтын болады.
Қазіргі уақытта 84 кадет Қазақстан теңіз академиясында білім алуда. ҚТА кадеті Арайлым Бекова: «ҚТА мен үшін жаңа өмір ашты, ол – теңіз өмірі», – деді. ТШО Инвестициялар және даму министрлігіне теңізшілерді даярлау, аттестаттаудан өткізу және вахталық әдісті енгізу туралы Халықаралық конвенция талаптары мен шарттарына сай екендігін дәлелдеу шаралары бойынша көмек беруді жалғастырып келеді. Бұл Қазақстан теңізшілеріне Қазақстанның аумақтық суларынан тыс сапарларға да шығуға мүмкіндік береді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12