525 шақырымды жүгіріп өтті
Қазақ келген қонағын: «Дәм айдап келіп қалыпсыз», деп қарсы алып жатады ғой. Сондай жандардың бірі – америкалық жүйрік Дин Карназес 10 шілде күні Ұлы Жібек жолы бойымен Ташкенттен Бішкек арқылы Алматыға желдей есіп жүгіріп жетті. Оның 525 шақырымдық ультрамарофонның соңғы 25 шақырымына шын жүйрікті көріп, делебелері қозған Алматы тұрғындары да қосылып, қошеметтеп кетті.
Ультра деген сөздің мағынасы сандық, сапалық белгілері бойынша артық, шектен тыс деген мағынаны білдірсе, Дин Карназес шын жүйрік екенін жалпақ жұртқа мойындатып қойған. Ол 2005 жылы 560 шақырымды 80 сағат 44 минутта ұйықтамай жүгіріп өткен. Дедектеп зыр жүгіруден қандай ләззат алды? Оны қас жүйрік өзінің: «Түні бойы көз ілмей жүгірген жүйріктің құпиясы» деген кітабында егжей-тегжейлі жазады.
Оның тағдырына жүгіру әу бастан-ақ жазылып қойылған секілді. Балабақшадан үйіне кекілі желкілдеп қас пен көздің арасында жетіп келетін. Есейе келе күн-түн тынбай жүгіретін әдет тапқан. 3-сыныпта балалар арасындағы жүгіруді ұйымдастырып, 11 жасында Американың Уитин тауына шыққан.
Алға қойған мұраты мен талабы зор желаяққа жақсы ұстаз жолығады. Джек Мак Тэвиш оның бойындағы таңғажайып таланттың ашылуына түрткі болды. «Жүгіруге жүрегіңмен беріл!». Ұстазының осы сөзі 54 жастағы спортшыға дәл қазір айтылып тұрғандай сезіледі.
2006 жылы «50 күн. 50 штат. 50 марафон» жобасы Дин Карназестің атын әлемге танытты. Ол туралы көркем фильм түсірілді.
Осы ақпараттарды 10 шілде күні Тұран университетіндегі кездесуде сөздеріне әзіл араластыра отырып жиналғандарға айтып берді. Тумысынан әзілқой Дин: «Сіздің әйеліңіз де жүгіре ме?» деген сауалға: «Жүгіреді, бірақ қатты қорыққан кезде», деген жауабына залдағылар ду қол шапалақтаумен жауап қатты. Айта кетейік, осы шараны ұйымдастырған АҚШ-тың Алматы қаласындағы консулдығы барлық істің тиянақты атқарылуына үлкен үлес қосты.
Мұндай көпке үлгілі, ұнамды өнер иесі өз мамандығы бойынша да табысты еңбек етеді. Өзі негізін қалаған таза тамақ өнімдерін сататын компаниясы, мұздатылған йогурттың түр-түрін сататын үлкен дүкені бар екен.
Несі бар, бәрі де ізденіс пен еңбегінің, тағдыр берген бағының жемісі дер едік!
Жәнібек ҚОЙТАЙ,
ҚазҰУ-дың 2-курс студенті
АЛМАТЫ

Қазақстан – диалог пен теңгерімді дипломатияны таңдаған «орта держава»
Сұхбат • Бүгін, 21:10
Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне кінәлілер бостандыққа шықты
Қылмыс • Бүгін, 18:00
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 17:32
Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады
Білім • Бүгін, 17:20
Биыл бокстан әлемде қандай жарыстар өтеді
Бокс • Бүгін, 17:03
Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды
Алматы • Бүгін, 16:49
Мадуроның жақтастары наразылыққа шығып, президентті қайтаруды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:22
Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Шерзат ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбайдың шені өсті
Қоғам • Бүгін, 15:54
Финляндия Оттава конвенциясынан ресми түрде шықты
Әлем • Бүгін, 15:32
Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Заң • Бүгін, 15:13
Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды
Қоғам • Бүгін, 14:45
Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты
Әлем • Бүгін, 14:32
Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады
Қоғам • Бүгін, 14:05