Алматының бүгінгі нөмірі бірінші, ең көкейтесті мәселесі – көлік кептелісі.
Құрылысы 2011 жылы басталып қазір пайдалану үстіндегі Алматының күншығыс айналма жолының (7,8 шақырым) бір тармағы халықаралық әуежайға барып тіреледі. Қала ішіндегі күре жолдың бірі – Төле бидің сол айналма жолға (Әл-Фараби даңғылына) қосылуына 110-ақ метр жер қалған.
Қала халқы көптен күткен екі көше қосылып, жаңа бағыттағы көліктік жол айрығы ашылды. Қала тұрғындары шын қуанышын жасыра алмады. Сарапшылардың айтуынша, осы жол қиылысы арқылы бір тәулікте 60 мың автокөлік жүріп өтеді әрі аумақтағы жол кептелісі белгілі бір мөлшерде азаяды.
«Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің болашағы үшін қаншама инфроқұрылымдық жобалар жүзеге асып, жолдар салынып, жаңадан жұмыс орындары ашылып келеді. Алматының көліктік-логистикалық мүмкіндігін кеңейту мақсатындағы бүгінгі шара сондай үлкен істің бір ғана кішкентай көрінісі», – деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
Аталған жол айрығы расында да қаланың бұрынғы «Саяхат» автобекеті аумағынан басталатын – Райымбек, Сүйінбай, Фурманов, Пушкин, Жангелдин көшелеріндегі кептелісті төрттен бір есеге азайтады екен. Қаланың солтүстік бағыттағы көлік легінің кептеліссіз жүруін қамтамасыз ететін Рысқұлов пен Сайын көшелеріндегі жол айрығы таяу арада бітуге әзір. Бөкейханов көшесіндегі шеңберлі көпір алдағы 2017 жылы пайдалануға беріледі.
Талғат СҮЙІНБАЙ

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25